Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада жастардың басым бөлігі коронавирус жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Дәрігердің хабарлауынша, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 693-ке жеткен. 5 адам вирустан көз жұмған.
"Ауру ересектердің арасында басым. Оның ішінде 15-19 жас - 43 жағдай (6,3 пайыз), 20-29 жас - 212 жағдай (31,3 пайыз), 30-39 жас - 129 жағдай (19 пайыз), 40-49 жас - 116 жағдай (17 пайыз), 50-59 жас - 115 жағдай, 60 жас және одан жоғары - 42 жағдай (6,1 пайыз)", - деді ол Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар індетті студенттер мен оқушылар да жұқтырғанын басып айтты.
"Студенттер бойынша 40 жағдай, мектеп оқушылары - 15 жағдай, басқа елдерден келгендер - 38 жағдай және шекара қызметі академиясының курсанттары - 67 жағдай, авиация қызметкерлері - 2 жағдай, зейнеткерлер - 40 жағдай, жұмыс істемейтіндер 55 жағдай тіркелді", - деді Жандарбек Бекшин.
Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері 383 медицина қызметкері коронавирус жұқтырғанын айтып кетті.