Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. «Бүгінгі таңда Қазақстанда вирусты жұқтыру қарқыны 8%-ды құрады. Болжам бойынша сәуір айының соңына дейін вирус жұқтырғандар саны 2700, ал мамыр айында бұл сан төрт мыңға жетеді», - деді ол брифинг барысында.
Сондай-ақ, бас санитар елімізде эпидемиолог мамандардың жетіспейтінін жасырмады.
«Ел бойынша 8755 эпидемиолог бар. Соған қарамастан, әлі де 800 эпимедиолог дәрігер жетіспейді. Жалпы айтатын болсам, денсаулық сақтау саласында 4 мыңға жуық медицина қызметкері жетіспейді. Бүгінде осы салада 250 мыңға жуық маман бар. Олардың 72 мыңы дәрігер болса, 177 орташа медициналық қызметкер», - деді ол.
Бүгінде Қазақстанда қауіпті әндетпен күресуге 16 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылған. Соңғы мәлімет бойынша, республикада КВИ жұқтырғандардың саны 2047-ге жетті.