Еуропа шекарасы ашылады

Еуропа шекарасы ашылады

ашық дереккөзі

Ресейлік БАҚ Еуропа шекарасын жаздың ортасына қарай шекараларын ашылу мүмкіндігін алға тартады. Туризмді дамыту ұйымының электрондық басылымы осылай хабарлады деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі РиаНовостиге сілтеме жасап. Басылымның хабарлауынша, еуропалық мемлекеттердің билігі карантин жағдайын бірте-бірте жеңілдете бастаған. Мәселен Австрия мемлекеті мыңға жуық дүкендері іске қосылған. Екі аптадан соң, сауда орталықтары, шаштараздар ашылмақшы. Бір айдан соң, кафелер мен мейрамханалар қалыпты жағдайға көшіп, жұмысын істейтін болады. Мұндай шараларды Германия, Испания және Италия мемлекеттері де қолға алмақ. Осылайша жағдай жақсара түскен соң, Еуроодақ шекаралары ашылуы мүмкін. Басылым мақаласында осылайша болжам жасай келе, жаз айларының орта тұсында Еуропа шекаралары толық ашылады деп жазған. Алайда туристтерге 2020 жылы жазға саяхаттауға ерте екенін баса айтқан. Австриялық канцлер Себастьян Курцтың коронавируске қарсы екпе дайын болғанша, Еуропада қалыпты қозғалыс жалғасатыны туралы мәлімдемесін мысалға келтірген. Бүгінде коронавирус індеті әлем бойынша барлық мемлекеттертерге тарап үлгерді. Қазіргі таңда 2,3 миллион адам жұқпалы инфекциямен ауырып, ал 160 мың адам індеттен қайтыс болған.

Жүктелуде...