Ай мен Күн. Қарт көңілі жалғыздықтан жабырқайды

Ай мен Күн. Қарт көңілі жалғыздықтан жабырқайды

ашық дереккөзі

 width= Шымырлатқан шындықты шырмау еткен Шерағаның шекпенінен талай алып қағаз бен қалам ұстап, жазушылық жолға түсіп, мардымды мақала жазуға бейімделді. Талай тұлғаның табаны тиген дәл біздің журфак көптеген қоғам қайраткерлерінің ыстық үйі саналса, Шерағаның өзі де бөлек білім ордасы. Қазақ журналистикасының кешегі мен бүгінін де еңбек етуші барлық жазғыш журналистер ағамыздың алдынан өтті. Шыңды аңсаған шығармашыл жанды шыңдап, шерімен бөлісетін әр адамды шекпеніне қысып, ақыл айтатын Шерағаның өзі өнегелі мектеп. Қазақ журналистикасын қарқындылығымен, қайратымен, қазақ әдебиетін әдемі әңгімелерімен, ұлт идеологиясын тағылымды тақырыптармен қозғай білген Шераға әр қазақтың рухани әкесі.  width=

«Шерханның өкіл балалары жүз емес, мың. Ол түскен еңіс тұңғиық болса, ол жеткен жеңіс те тым биік. Кемел қайраткер. Кесек суреткер. Асқақ азамат».
Дәл осылай баға берген Әбіш Кекілбаев Шерағаның екі соавторын атап өтеді. Бірі – шырылдаған шындық болса, екіншісі – ар намыс. Басты тақырыбы табанға тапталған ар намыстың оянуы, айқасқа шығуы. Әзаға атап өткен екі соавтор қатар ұштасқан көлемі кіші болғанымен, өнегесі көп үлкен кітап бар. Қасиетті Құрандағы жазылған дүниелердің қарапайым тілмен түсіндірілген, әр адам өзіне керегін алып, тұжырым жасатар бұл кітапты білмейтін қазақ кем де кем. Бір кем дүние...

Әр үйдегі «Ай мен Күн»

Шамам жетсе , күнделікті күйбелең тірлікті артқа тастап, құс секілді қалқуды қалаушы едім. Жаныма қанат бітіріп, бар әлемді шуағымен қуантып, қызуымен жылытатын күннің сырласы атанушы ем. Жалғанға жарық сыйлар күн келбеті марқұм әжемнің жүзінен шуақ шашар сұлбасы іспеттес. Аллаһ Тағала қанат бітірсе, әжемнен ала алмаған жан жылуын күн арқылы сезінер ем. Күлімдеген бейнесін май тамған жаз айына, мейірімді жүрегін бұлтсыз атқан ақ таңға теңеймін. Ай мен Күн ажырамас ұғым. Аспан әлемінде қосыла алмаған қос ғашық. Бұл туралы Гете өз еңбегінде айтып кеткен. Бір кем дүние... Қараңғылықты титтей сәулесімен құтқарар, биік тұрар ай сұлбасы әжем қайтқалы жалғызсырап жүр. Әжемнің келбетін күнге ұқсатам. Аспан өз меншігіне «Күнімді» алып кетті, «Айымды» алуға жол бермеймін. Екі араның үзілгеніне биыл 10 жыл... Шераға қазақ әдебиетіндегі қосыла алмаған қос ғашықтардың өмірін Ай мен күнге теңесе, мендік ой басқа... Махаббат машақатын татып, үй боп, бала-шағаның қамы үшін бар өмірін сарп ететін ата-анамыз ертең қартаятыны сөзсіз. Сенен туған бала да дәл осы үрдісті қайталайды. Бетіне әжім түскен әжеміз бен арқасы сырқырап жүрген атамыз «Ай мен Күн» секілді. Он баласының он түрлі қисық әрекетін сыртқа білдірмей, күн секілді ылғи жымиып жүретін, ақ жаулығына ағыла төгілген бір де қуаныштың, бір де қайғының көл болған көз жасын көрсетпей, үнемі шуақ шашады. Жатырына жатқан он баласы жат түрлі жердің өзге адамымен табысып, өз баласы үшін жанталасқан бейнесіне қосалқы «күн» болудан басқа бақыт жоқ. Ал «Ай» қара шаңырақ қалың ұйқыға батқанда, түн тыныштығын тілеп, сүрінбес үшін титтей ғана жарығын жағады. Ай – ата. Атаның тілегі – о дүниеге әжеден бұрын кету. Қартайғанда қиналтпауын, жалғызсыратпауын, сөзден күрмелеп шатастырмауын шын жүректен иман етіп тілейтіні хақ. Жастары жетпістен асқан қос ғашықтың бірі ақыры ақырғы мекеніне аттанары айдан анық. Ай немесе күн. Екеуінің де өз шаңырағы үшін қадірі ерекше... Қазір тынбай еңбек етудің, білім алудың бар жағдайы жасалған, көкірегі ояу, көзі ашық заман. Өз шаруасын дөңгелетіп, қара басының қамын ойлап үйдегі жалғыз қарияның қадірін білмей, қай уақытта не істейтінінен бейхабар, бейқам жүретін жастар өте көп. Расымен, қариялар не істейді? Олар түнде жалғыз жатады, не ойлайтынын, жаны не қалайтынын енді сезіп көрдіңіз бе? Баласымен тілдесер, немересін құшырлана иіскер, бірге ойнар, бірақ сырласатын кемпірі, шалы болмаса сағыныш оты оларды қинары анық. Ақыл есі кеміп, тамақ ішкенін ұмытып, үлкендік кірген қарттарымыз жетерлік. Олардың бар қалауы – әңгімелесу, сырласу. Шерағаның Ай мен күні қартайғандағы біз. Қосағымыз қай уақытта келмеске кететінін Құдай өзі шешеді, бірақ шұбырып жүрген шөберелерің болса да, жанымыз жалғыз. Адамды емдейтін жылы сөз, жақсы адам және сезім. Әр үйдің бір бір шуағы мен жарығы жиналған қарттар үйі де өкінішке қарай босар емес. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегенді қоғамның кейбір бөлігі түсінбей әлек. Өзінің де сол жасқа, сол қарт күйге түсетінін де түсінгісі келмейді. Бір кем дүние... PS: Шерағаның әр мәселеге жіті тоқталатын қасиетіне таңым бар. Дәл осы Ай мен Күн туралы жазылған қысқа қайырым сөз менің көзіме қарт жүректі елестетті. Олардың нағыз тартқан махаббат азабы – жалғыздық. Дәл осы Ай мен күні мүмкін, маңызды бөлік ретінде көрінбес, бірақ қарт жүректің жарасы мені бейжай қалдырмады... Бұл қазіргі қоғамның бүлінген айнасы...

Інжу ӨМІРЗАҚ

Жүктелуде...