Президент шашын алып тастады

Президент шашын алып тастады

ашық дереккөзі

Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Кадыров шашын тақырлап алып тастады. Ол елдегі шаштараздардың іске қосылуын сұрағандарға шашын алып тастауға және барлық ер азаматтардың өзінен үлгі алуын сұраған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі rbk.ru-ға сілтеме жасап. Елдегі жедел штабының жиналысында тұрғындар Шешенстандағы шаштараздардың жұмысының қайта істеуін сұрағандарға президент "шаштарыңды тақырлап алыңдар" деп жауап берген. Және де өзі шашын алып тастап, ата-бабаларымыз кезінде осылай жүрген",-деп Instagram парақшасына видеосын жүктеген. Коронавирус індеті тараған кезде ең біріншілердің қатарында болып Шешенстан елдегі барлық көп халық жиналатын кафе мен мейрамханалардың жұмысын тоқтатқан. Мемлекеттегі алғашқы үш адамнан жұқпалы инфекция табыла салысымен шешім қабылдап, 24 наурыздан бастап, оқшаулау режиміне көшкен. Кешкі 8 ден таңғы 8-ге дейін комендаттық уақыт енгізген. Бүгінгі таңда Шешенстанда 303 адам жұқпалы инфекция жұқтырып, 5 адам көз жұмған.

Жүктелуде...