Әлем жастарының Түркияда оқудағы мақсаты не?

Әлем жастарының Түркияда оқудағы мақсаты не?

ашық дереккөзі

 width= Жыл сайын Түркияға әлемнің әр түкпірінен білім іздеген жас жеткіншектер ағылып келіп жатады. Осы жастардың өзге мемлекет емес, дәл осы түрік елін таңдауында не мән жатыр? Жастардың көздеген мақсаты қандай? Көптің көңілінен шыққан Түркия елінің білім беру жүйесінде қандай ерекшеліктер бар? Дәл осындай сауалдар төңірегінде Қараман қаласындағы жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан шетелдік жастарды сауалнамаға тартқан едік. Бұл туралы Түркиядағы Newsroom+ақпарат агенттігінің меншікті тілшісі Әлия БОСТАН баяндайды.  width=  width= Мадамин. 20 жаста. Өзбекстан Мен Қазақстанның Шымкент қаласында өмірге келдім. Алты жасымда Өзбекстанға кеттім. Өзбекстанның Ташкент қаласында тұрдым. Ол жақта  психолог мамандығы бойынша колледжде білім алдым. Сосын білімімді жетілдіру мақсатында Түркия еліне келдім. Қазір мұнда программист мамандығы бойынша білім алудамын. Осында білім алып жатқан достарымнан Түркияда оқу ақысы арзан екендігін естідім. Содан кейін құжаттарымды жинап осында келдім. Бірінші түрік тілі курсын бір жыл оқыдым. Әрине басында тіл білмеген соң қиын болды. Бірақ кейін үйреніп кеттім. Өзбекстанда оқып жүргенімде студенттерге ағайлар көп еркіндік беретін, сабаққа келгің келсе келесің, келгің келмесе келмейсің. Яғни, өзің үшін оқисың. Ешкім сені қатты қадағаламайды. Ал мұнда керісінше, ағайлар күнде тексереді. Сабаққа қатыспасаң,   тікелей хабарласып, себебін сұрайды. Студенттер мен оқытушылар тығыз байланыста болады. Оқуды бітірген соң АҚШ-на кеткім келеді. Әзірге Өзбекстанға қайту ойымда жоқ.  width=  width= Жамил. 20 жаста. Әзірбайжан Мен Әзірбайжанда Баку қаласында туылдым. Бакуде түрік лицейінде оқыдым. Лицейді бітірген соң көп достарым Еуропа елдерін таңдап, сонда оқуға түсті. Ал мен Түркия елінің Измир қаласын таңдадым. Туысқан ағам құжаттарымды Измир қаласындағы университетке тапсыру керек болған, алайда маған шақырту қағазы келгенде Қараман қаласындағы университетке түскенімді білдім. Мұнда оқу ақысы арзан әрі сапалы білім алуға да болады. Еуропалық білім жүйесіне негізделген. Еркіндік бар. Оқытушылар сені өзімен бірдей көреді. Сабақтан бос уақытымызда бәріміз бірге көкке шығамыз. Бір отбасы сияқтымыз. Оқытушылар студенттердің кез келген мәселесін шешіп беруге тырысады. Өзім негізі жеті тіл білемі. Мақсатым - алдағы уақытта елге қайтып, сонда қызмет ету.  width=  width= Айдай. 20 жаста. Қырғызстан Мен Бішкек қаласында дүниеге келдім. Біздің Қырғызстанда «Манас» университеті бар. Сол жерде бір жыл түрік тілін үйрендім. Менде екі таңдау болды: Манас университетінде қалып сол жерде ары қарай оқуымды жалғастыру немесе Түркия еліне оқуға түсу. Мен екіншісін таңдадым. Қазір мұнда «Халықаралық қатынастар» факультетінде оқимын. Тіл біліп келген соң мұнда үйренісу маған оңай болды. Бос уақытымда жұмыс та істедім. Бәріміз бір мұсылман мемлекет болғаннан кейін мұндағы адамдар бізді тез, жылы қабылдады. Еркіндік дегеннің не екенін осы жақта ұғынғандаймын. Еркіндік дегенім әдепсіздік тысына шығу емес, мен айтқан еркіндік – ой еркіндігі, сана еркіндігі, рухани еркіндік. Оқуды бітірген соң осында қалуым мүмкін. Уақыт көрсетеді.  width= Исрайил. 19 жаста. Нигерия Нигерияда мектепті бітірген соң, Түркия еліне оқуға түсуді ойладым. Содан шет елдерге оқуға түсуге көмектесетін фирмаға хабарластым, қажетті құжаттарды жинап осында келдім. Бір жыл түрік тілін оқыдым. Тілдеріміз жақын болмаған соң, бір жылда тіл үйрену маған қиын болды. Содан келесі жылға қалып қойдым, екінші жылы қайтадан түрік тілі курсын оқыдым. Тілді оқу бөлек, түрік дос тауып алып онымен сөйлесу бөлек екен. Содан мен түрік дос тауып алып онымен күнде сөйлесетін болдым, осылай екінші жылы тілді үйрену маған оңай болды. Қазір инженер мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Біздің елде ақшаң көп болса жақсы өмір сүре аласың, ал мұнда ақшаң көп болмаса да өмір сүру қолайлы. Біраз нәрсе арзан. Адамдары мейірімді, ақжарқын. Болашақта елге қайтуым да, қайтпауым да белгісіз.

Жүктелуде...