Коронавирустың бұдан да ауыр кезеңі болады деп болжанды

Коронавирустың бұдан да ауыр кезеңі болады деп болжанды

ашық дереккөзі

АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) басшысы Роберт Редфилд Washington Post басылымына берген сұхбатында АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны алдағы қыста бұдан да қатты болуы мүмкін екенін айтты. Себебі бұл кезең тұмау эпидемиясының басталуымен қатар келеді. "Алдағы қыста вирустың біздің елге шабуылы қазір өткеннен әлдақайда ауыр болуы мүмкін... Бізде тұмау эпидемиясы мен коронавирус эпидемиясы бір уақытқа келіп қалады", - деді Редфилд.

Оның айтуынша, екі респираторлық аурудың өршуі денсаулық сақтау саласы үшін "ақылға қонымсыз жүк" болады.
Айта кетейік, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 800 мың адамнан асты. Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне қарағанда, ауру жұқтырғандар саны 810 561 адамға жетті, 43 630 адам қайтыс болды. Дереккөз: Tengrinews.kz

Жүктелуде...