Клавиатурада тез әрі қатесіз теруді қалай үйренуге болады?

Клавиатурада тез әрі қатесіз теруді қалай үйренуге болады?

ашық дереккөзі

 width=

Мәтін жазғандағы жылдамдық пен нақтылық клавиатураның түріне байланысты болады

Клавиатураның механикалық және мембраналық деген екі түрі болады. Механикалық клавиатура компьютерде, ал мембраналық клавиатура ноутбукте. Ал соңғы үлгідегі ноутбуктер мембраналы-механикалық клавиатурамен жаңа үлгіде шығып жатыр. Механикалық клавиатура ұзаққа жарамды, тез жазуға ыңғайлы. Сонымен қатар бұл клавиатурада мәтін жазғанда әріптердің үстінен қатты басып қажет емес. Ал кемшілігі, қымбат болғанында ғана. Мембраналық клавиатура ұзаққа жарамағанымен, бағасы арзан. Ал кемшілігі, әріптерді үстінен қаттырақ басуға тура келеді. Соңғы үлгідегі ноутбуктерд мембраналы-механикалық клавиатура екеуінің жақсы жақтарын қосып жасалған. Бағасы да аса қымбат емес.

Клавиатурада мәтін тергенде қолыңыз ыңғайлы болсын

Мәтінді тез терудегі ең атақты тәсіл – «10 саусақ тәсілі» деп аталады. Бұны 130 жыл бұрын АҚШ-тың стенографисті Франк Макгуррин ойлап тапты. Бұл тәсілдің ерекшелігі, адамның клавиатураға қарамай, әрбір әріптің орналасқан жерін жаттап алып теруінде екен.

Сіздің жадыңыз қаншалықты жаттыққан болса, сіз соншалықты тез жазасыз

«10 саусақ тәсілін» қолданған кезде сіз саусағыңыздың он саусағын да іске қосасыз. Әрбір саусақ өзіне қатысты аумақтағы әріптерге жауап береді. Бұл клавиатураны тездетіп жаттап алуға көмектеседі.

Жұмыс жасап жатқанда үстелде ыңғайлы отыру керек

Үстелде дұрыс отыру арқылы бел ауруларынан қорғанасыз. Сонымен қатар ойыңыз да жиналып, клавиатурада тез жаза аласыз.

Клавиатураға қарап отырып, мәтін теру жылдамдықты азайтады

Сол үшін мәтінге қарамай клавиатурада теруді үйрену керек. Ол үшін: - Көзіңізді жұмып, сөйлеңіз де. Сол айтқаныңызды теріңіз. - Күніне бір рет фильм немесе өлең сөздерін жатқа, экранға қарамай жазып шығыңыз. - Қатеңізді монитордан іздеңіз, клавиатурадан емес.

Ақмарал БЕРЕКЕТ

Жүктелуде...