Zoom. Сандық ашылып, сыр шашылуда: төл қосымшалар қашан пайда болады?

Zoom. Сандық ашылып, сыр шашылуда: төл қосымшалар қашан пайда болады?

ашық дереккөзі

 width= 2020 жыл - ел есінде мәңгі сақталмақ. Пандемия басталғалы тоғыз айдан аса уақыт өтті. Дәл қазіргі уақытта студенттер мен мектеп оқушылары қашықтан оқуда. Қашықтан оқыту режиміне медиа технологиялардың маңызы өте зор. Төтенше жағдайға әрқашан дайын болуымыз қажет. Онлайн оқу жүйесі бойынша студенттер мен мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргіздік.

  • Мектеп оқушылары телеарналардағы видео-сабақтар арқылы және Google classroom қосымшасы, «Онлайн мектеп» арқылы тапсырмаларды орындап, мұғалімдермен кері байланыс орнатқан екен. Алайда кейбір оқушылар Whatsapp желісі арқылы да білім алуда.
  • Студенттер лекциялар мен зертханалық сабақтарын Zoom,Microsoft team, Skype Moodle Youtube streaming қосымшалары арқылы оқып жатыр.
Басым көпшілігі Zoom мобильді қосымшасымен оқып жатқандығын жасырмады, және карантин басталғалы шағымдар өте көп айтылды, жазылды. Серікжан Біләшұлы YOUTUBE арнасында осы тақырыпқа байланысты пайдалы дүниелер айтқан болатын. Сараптама жасар болсақ, ең басты мәселе, Zoom қосымшасы Қытай Халық Республикасы шығарған кезекті тыңшылық әрекетінің бірі. Алпауыт мемлекеттермен көршілес екеніміз бірде қуантса, бірде қынжылтады. Өйткені қазба-байлықтарымыз бен жерімізге қызығар көз көп. Сондықтан соғыссыз жаулап алу әдісін технология арқылы жүзеге асыруда. Дамыған елден қорқатын күйге жеттік. Әр нәрсеге мән беріп қарасаңыз, артқы жағында саяси сынық жатқанын байқауға болады. Zoom қосымшасын пайдаланған сіз бен біздің барлық толық мәліметіміз Қытайдағы арнайы үш филиалы бар компанияның базасында мекен-жайыңызбен қоса, жеке парақшаларымыздың барлығын бұғаттай алатындай хаккерлік күшке ие. Өзге елге өзгенің сыры неге керек деп ойлайтын шығарсыз. Ойыңыз орынды. Сіз бен біздей қарапайым адамдардың мәліметі мүмкін оларды қызықтырмас. Алайда ең сорақысы дәл осы Zoom арқылы Қазақстанның пример министрлері онлайн келіссөз жүргізіп үлгерді. Бопсалау әрекеті де жүзеге аспасына кім кепіл? Елімізде Қытайдың миссионері болмаса да, мобильді тыңшысы бар. Кім білсін, миссионері де бар болар. Еліміздің жоғары оқу орындарында бұл қосымша әлі де өз күшін жоймады. Мұғалімдердің айтуы бойынша, тиімдісі осы , бірақ тигізер зияны алаңдатпайды. Өзгелер көзін салған бай елміз. Бізді жаулап алу үшін міндетті түрде қан төгіліп, жойқын соғыстың қажеті жоқтығы дәл осындай құйтырқы әрекеттері арқылы білініп жатыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2017 жылы 29 қарашада «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекітті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «2020 жылы Қазақстан жаңа технологиялармен жабдықталған, ақпараттық технологиялық мемлекетке айналады» ,-деп уәде берді.
Алайда бұл да "кезекті" сөз. Қашықтан оқыту еліміздің мұғалімдеріне де, студенттерге де, ата-аналарға да оңайға соғып жатқан жоқ. Еліміздің кейбір елді мекенінде тіптен интернет кабелі орнатылмаған. Басымызға іс түскенде ғана жиналған көп сұрақтың жауабын іздестіреміз. Мемлекет - үлкен ұғым. Төтенше жағдайға әрқашан дайын болуы керек. Өзге елге тәуелділігіміз дәл осы кішкентай нәрселерден-ақ білінеді...

Інжу ӨМІРЗАҚ

Жүктелуде...