Мобилограф болғысы келетін жандарға 5 кеңес

Мобилограф болғысы келетін жандарға 5 кеңес

ашық дереккөзі

 width= 1. Ең алдымен, жалпы камера, телефон камерасы туралы базалық біліміңіз болуы керек. Матрица, оптика, диафрагма, shutter, iso, white balance, формат, кадр жиілігі дегенді естулеріңіз бар ма? Осы терминдерді зерттеп, фото немесе видео түсіру барысында қолданатын болсаңыз, жұмысыңыз нәтижелі болмақ. Қызық дерек келтірейін, фото түсірген кездегі «шқырт» ететін дыбыс – shutter дауысы деп аталады. Бұл туралы білетін ба едіңіз? Білмесеңіз, енді біліп жүріңіз. 2. Видео немесе фото сәтті шығу үшін дұрыс түсіру, экспозиция, композиция, стабилизация, ракурс, план, жарық, дыбыс деген эффектілерді толығымен білуіңіз керек. Ескере кететін жайт, түсірілім кезінде телефонды кеуде тұсында ұстаған дұрыс. Себебі жоғары ұстасаңыз, адамның бас үлкен, денесі кішкентай болып қалады, ал төмен ұстасаңыз, керісінше жағдай орын алады. Телефонды кеуде тұсында ұстау, сәтті кадр жасаудағы алғашқы қадам болмақ. Видео саласында жалпы, орта және ірі деген 3 план болады. видеоны түсірген кезде осы пландар кезектесіп отыруы шарт. Екі план бірінен соң бірі жалғасып кетсе, сәтсіз контент өмірге келеді. 3. Фото мен видеоны түсіруге ыңғайлы уақыт болады. Ол жарықтың түсуіне байланысты қалыптасқан. Жасанды жарықтың көмегімен кез келген уақытта съемка жасала береді. Алайда табиғи, күннен бөлінетін жарық белгілі уақытта ғана сәтті кадр жасауға көмектеседі. Мысалы таңертеңгі 8 бен 11-дің, кешкі 4 пен 8-дің аралығында жасалған съемканың сәтті шығатыны даусыз. 4. Видеоны жасау кезеңдері: сценарий жазу, раскадровка жасау (кадрдың суретін сызу), съемка, монтаж. Видео түсіргенде композиция мен стабилизацияға аса мән берген жөн. Дірілдетпей түсіру керек. Видеоны жиі түсіру арқылы стабилизацияны жақсартуға болады. 5. Видеодағы әр кадр бір-бірімен байланысуы керек. Реттілік сақталуы шарт.

Фото мен видеоны өңдеуге арналған қосымшалар

InShot – видео өңдеуге, коллаж жасауға өте ыңғайлы қосымша. Видеоны кез келген музыкамен, интершуммен әрлеп, сәтті контент жасауға болады.  width= Kinemaster – хромакейді жасауға арналған телефондағы жалғыз ыңғайлы қосымша. Хромакей – жасыл фон, жасыл мата. Бұл – екі немесе одан да көп кадрларды бір композицияға қиыстыру технологиясы.  width= Stop Motion – анимациялық видеолар түсіруге арналған қосымша. Жалпы Stop Motion дегеніміз – жансыз объектілер шеңберіндегі қозғалыс.  width=

Ақмарал БЕРЕКЕТ

Жүктелуде...