«Бәле iздемеңдер, бәлеге жолығасыңдар»: Нұрболхан Шарапов өзін айыптағандарға жауап берді
"Бәле iздемеңдер, бәлеге жолығасыңдар": Нұрболхан Шарапов өзін айыптағандарға жауап берді
ашық дереккөзі
Соңғы күндері басы даудан арылмай келген әзілкеш Нұрболхан Шарапов тағы дау ішінде. Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен желі арқылы жауласып, сотқа дейін жеткен еді. "Қалаулым" бағдарламасы жабылу үшін біраз тер төкті. Нұрболхан енді елді қанады деген сынға қалды.
"Не деген батпан құйрық" Бүгiн осы туралы эфир шығуы мүмкiн. Бiреулер 31 арнаға хабарласыпты-мыс. 31 арна журналисi хабарласып мән-жайды сұрады. Нақты түсiндiрдiм, бiрақ бұрмалап шығармаса бопты. Былай ғой, кейбiр үйде iшi пысқандар бiздiң үстiмiзден шағым жасаған, "мыналар, ел 42 500 теңгенi ала алмай жатқанда, қайдан 1 млн ойнатып ақша шашып жатыр?" деп.
Әзілкеш ұтыстың талаптары шын мәнінде қандай екенін түсіндіріп өтті.
"Бiреудiң ақшасын санағанды жақсы көремiз ғой. Бiрақ, дәл каналға хабарласып, санатқандарына күлдiм ерiксiз. Канал мен журналисттерге де нан керек қой, бiрдеңе табатын шығар күйе жағу үшiн. Ұтыс былай: ұтысқа қатысып жатқан достарымыз 50 000 теңгеден шығарып оқырмандарына ойнатады. Қатысып отырған халықтан бiр тиын да алмаймыз. Керiсiнше халыққа ақша болсын деп жатырмыз. Есесiне, аудиториямызбен бөлiсемiз. Фейсбук, инста, твиттерде отырған iшiтарлар, бұған бас қатырмай-ақ қойыңыздар. Бiз де халықтың жағындамыз. Қайта , 42 500 теңге ала алмаған халықтың бiразына бiз бердiк қой сол ақшаны. Бәле iздемеңдер, бәлеге жолығасыңдар!", - деп жазды Нұрболхан Шарапов парақшасында.
Желі қолданушыларының бірі бұл сөзд құптаса, енді бірі қарсы пікірде.
"Қандай санасы төмен адамдар екен осылай таяз ойлайтын. Өз жайымен жүрмейді мекен", "Құдайдың беріп жатқан несібесін, Құдайдан күдер үзгендер ғана көре алмады", "Қойшы, сол халықтың арқасында ақша тауып жүрген жоқсыңдар ма? Аспаннан алған жоқсыңдар", "өтірік ойын ойнатып, ақша жасайсыңдар", - деп жазды олар.