Түркияда студенттердің жылдық оқу ақысы 10 000 теңгеден басталады

Түркияда студенттердің жылдық оқу ақысы 10 000 теңгеден басталады

ашық дереккөзі

 width= Кез келген ата-ана баласын ЖОО-да оқытқысы келеді. Сапалы білім алып, маман болып шыққанын қалайды. Кейін өз нанын өзі тауып жесінші дейді... Өкінішке қарай,  біздің қоғамда барлық баланың «маман» атануы қиын. Бала өз күшімен грантқа түссе, оқиды. Түспесе жинаған бал көлеміне қарай қаламаған оқуын амалсыз оқуына тура келед. Немесе оқу ақысының жоғары болуына байланысты оқымайды. Себебі баланың оқу ақысын төлеуге кез келген ата-ананың шамасы жетпейді, қымбат. Қазақстанда кейбір оқулардың жылдық ақысы миллионнан асып жығылатындығы жасырын емес. Ал Түркияда олай емес. Мұнда он мыңнан басталып екі жүз мыңға дейін барады. Таңдаған қалаңыз бен оқу орныңызға байланысты. Бұл - шет елден келетін студенттер үшін қойылған баға. Ал Түркияның өзінде тұратындар аталған бағадан екі - үш есе аз төлейді. Newsroom+ақпарат агенттігінің Түркиядағы меншікті тілшісі Әлия БОСТАННЫҢ сол елдегі ЖОО туралы материалын назарларыңызға ұсынып отырмыз.  Түркиядағы университеттер Түркиядағы ең алғашқы университет 1453 жылы ашылған. Ол Стамбұл университеті. Тәуелсіздік жолындағы соғыстан кейін Түркияда оқу жүйесі дами бастады.

  • Қазіргі таңда Түркияның оқу жүйесі әлем бойынша топ 50 - ге кіреді.
  • Еуропалық стандартқа сай оқытады.
  • QS World University Rankings деген әлемдік рейтингте топ жарып тұр.
  • Білім жүйесі әлемдік Болондық декларацияға сай.
  • Түркиялық диплом Еуропада және АҚШ-та бағаланады.
  • Әлем университеттерімен тәжірибе алмасу бағдарламалары бар.
  • Мұғалімдері әлемдік стандартқа сай жоғары білім береді.
  • Коррупция жоқ
  • Оқу орындарының бағасы тиімді.
«Tutkiye bursları» бағдарламасы арқылы Түркияның кез келген ЖОО - на грантқа түсуіңізге болады. Әр жылдың қаңтар айында аталған бағдарламаға өтініш жібере аласыз. Бірақ жасыңыз жиырма тоғыздан аспауы тиіс. Грантқа түсіп жатсаңыз: - Түркия мемлекеті сіздің ұшып келу, оқуды бітіргенде қайтар билетіңізді; - Жататын жеріңізді; - Екі мезгіл тамағыңызды; - Медициналық сақтандыруыңызды; - Бір жыл түрік тілі курсының ақысын. Бірақ оқуға тапсыру үшін түрік тілін білу шарт емес; - Шәкіртақыңызды және басқаларын Түркия мемлекеті қаржыландырады. Шәкіртақы қанша? Бакалавриат 700 лира (45.000 теңге) Магистратура 950 лира (61.000 теңге) Доктарантура 1400 лира (90.000 теңге) 2020 жылдың басынан бастап шәкіртақыға 200 лира (11.000 теңге) қосылды. Осы тұста оқуға тапсырудың негізгі  талаптарына тоқталып өтсек. -        Бакалавриат үшін – 21 жастан аспау керек; -        Магистратура үшін – 30 жастан аспауы қажет; -        Phd Докторантура үшін – 35 жастан аспауы керек. Жалпы Түркияға ақылы оқуға түссеңіз де, кейін грант ұтып алу мүмкіндігіңіз болады. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, сабағыңызды жақсы оқысаңыз сізге шәкіртақы тағайындалуы әбден мүмкін. Мұндағы кәсіпкерлер көбінесе өздерінің аттарынан үздік студенттерге шәкіртақы тағайындайды. Қазақстандықтар Түркияның қай қаласын таңдайды? Қазақстандықтар Стамбұл, Анкара, Измир, Сакария сияқты үлкен қалаларды таңдайды екен. Бір Сакарияның өзіне жылына алты мың қазақстандық оқуға тапсырады екен.
«Қазақстандық студенттер біле бермейтін Түркияның өзге қалаларында да сапалы, жақсы университеттері өте көп. Мәселен Самсун, Қараман, Бурса, Ескішаһар деген қалаларда оқудың бағалары әлдеқайда қолайлы, арзан. Бастысы күнделікті шығыныңыз да өте аз болады, өмір сүруге ыңғайлы қалалар», - дейді edotour.kz фирмасының маманы Раушан Мұхтарханова.
Айтпақшы, мұнда студенттерге үй жұмысы берілмейді. Күнделікті сабақта 7-8 сағат лекция болады. Лекциядан алған білімдерін емтихан барысында қолданады. Өйткені емтиханда лекцияда айтылған тақырыптардан ғана сұрақтар қойылады. Егер бір сабақтан емтихан тапсыра алмасаңыз оны жазда қайта тапсырасыз. Ал жазда тапсыра алмасаңыз келесі курста тапсырасыз. Мұнда емтиханнан өте алмаған студентті оқудан шығарып немесе келесі курсқа өткізбей қою деген жоқ. Егер сіз магистратураға оқуға түссеңіз тек бір жыл ғана оқисыз. Қалған бір жылыңызда тек диссертация жазасыз. Диссертацияны Қазақстанда жүріп те жаза аласыз, жетекшіңізбен байланыста болсаңыз жеткілікті. P.S. Біздегідей студенттерді қинап жиналыстар мен концерттерге алып бару деген  мұнда жоқ. «Жиналысқа бармасаң келесі жылы жатақхана алмайсың», -  деп сізді ешкім қорқыта алмайды.

Жүктелуде...