Халықаралық пірәндік күні. Ертеде пірәндік мерекенің символы саналған, себебі оның құрамына қосылатын ингредиенттер әркім қалаған уақытында сатып алатын арзан өнімдер емес еді. Ежелгі Русьте алғашқы пірәндіктер IX ғасыр шамасында пайда болып, "балды нан" аталды. Қарабидай ұнына бал мен жидек шырыны қосылып дайындалатын.
Вьетнамда кітап күні. Мерекені 2014 жылы ел Премьер-министрі Нгуен Тан Зунг бекітті. Оның негізгі міндеті - жұртшылықтың назарын кітапқа аударып, вьетнамдықтарды оқу мәдениетін дамытуға шақыру.
21 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар
1785 жылы Канададағы алғашқы алқабилер сотының отырысы өтті;
1944 жылы Францияда әйелдер сайлау құқығына ие болды;
1951 жылы КСРО Ұлттық олимпиада комитеті құрылды;
1964 жылы британиялық BBC 2 телеарнасы хабар тарата бастады.
21 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1925 жылы "Қазақ әйелі" және "Теңдік" газеттері негізінде "Қазақстан әйелдері" қоғамдық-саяси журналы шыға бастады;
1959 жылы Мұхтар Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясы үшін Ленин сыйлығын алды;
1961 жылы Қазақстандағы газ саласының қалыптасуында ерекше рөл атқарған "Орта Азия – Орталық" магистральды газ құбырының құрылысы басталды;
2014 жылы ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері қайта құру жолымен Ұлттық ұлан болып қайта ұйымдастырылды;
2016 жылы Петропавлда өрт сөндіру кезінде қаза тапқан азаматтық қорғаныс аға сержанты Алтынбек Әбдірахмановтың кұрметіне естелік тақта ашылды.