Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жітіқарада шамамен жүз дәрігер үйдегі карантинге жіберілді

Жітіқарада шамамен жүз дәрігер үйдегі карантинге жіберілді

Жітіқарада шамамен жүз дәрігер үйдегі карантинге жіберілді
ашық дереккөзі
Жітіқарадағы карантиндік стационарлардан үйдегі карантинге 94 Орталық аудандық аурухана (ОАА) қызметкері ауысты, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Жітіқара ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде коронавируспен 9 пациент бар, оның ішінде СОVID-19 диагнозы төртеуінде расталған, қалған бесеуі жұмыста жұқтырған. Провизорлық орталықта қазір 24 адам бақылауда жатыр.
"19 сәуірде карантиндік стационарлардан үйдегі карантинге ОАА-ның 94 қызметкері ауысты. Үйде барлыңы 265 қызметкер карантинде жатыр", - деп хабарлайды облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.
20 сәуіде Жітіқара қаласында 15 жағдай тіркелді, олардың біреуі өліммен аяқталды. ПТР әдісімен (полимеразды тізбекті реакция) 551 адам тексерілді. Қазіргі уақытта COVID-19 Жітіқараның екі полицейінен анықталды. Олардың екеуі де коронавирус диагнозы расталған науқастарға арналған Қостанай облыстық ауруханада жатыр. Тағы 11 адам карантиндік стационарға жатқызылды. Жітіқара АІІБ-нің барлық жеке құрамы үйдегі карантинде. Қалаға эпидемияға қарсы іс-шараларға 36 миллион теңге бөлінді.