Үй тазалап жүріп миллиардер болған қыз хикаясы

Үй тазалап жүріп миллиардер болған қыз хикаясы

ашық дереккөзі

Бұл оқиға нағыз Күлбикештің ертегісі іспетті. Иә дәл солай. Бүгін біз қалтасындағы 100 долларымен АҚШ-қа барып, аз уақытта миллиардер атанған Барбара Пясецка Джонсон туралы жарияламыз. Қазіргі кезде үйімізде Johnson & Johnson атты дене күтімі мен үйге қажетті тазалық құралдары бар. О баста медициналық пластырь шығарудан бастау алған бұл кейіннен санитарлық-гигиеналық тазарту құралдары арқылы косметикалық империяға айналған. Оны негізін 19 ғасырда ағайынды үш жігіт қалаған. Роберд Вуд Джонсон, Джеймс Вуд Джонсон және Мид Джонсон ағайынды үшеу бүкіл дүниежүзі бойынша дүкен сөрелерінде тауарлары самсап тұрады десек қателеспейміз. Біз компания тарихынан гөрі оның кейіпкерлерінің өміріне тоқталатын боламыз. Барбара Пясецка Польшалық ару қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Өз елінде білім алған ол, шетелде жетістікке жетуге бел буады. Жоғару оқу орнын бітірген ол Италияда бағын сынап көрмек болады. Ештеңеге қол жеткізе алмаған Барбара АҚШ-қа қалтасындағы 100 доллармен аттанады. Шет тілін білмеген ол қайбір жетістікке жетер дейсіз?! Бір үйге тазалықшы және аспаз болып жұмысқа орналасады. Осылайша бүгінгі заманның Күлбикешіне айналып, оған бақыт жолына есік ашылады. Бұл сонау Джонсонстар әулеті болатын. Үй иесін қызметшісі ақылдылығымен тәнті етеді. Картиналарды жинауды жаны сүйетін Джон Стюарт Джонсон ол шығармалардан хабары аз болатын. Осылайша милиардер керемет картинаның түпнұсқасын пәленбай қаржыға сатып алғанын жариялағанда, үй қызметшісі артық ақша төлегенін айтады. Өнер институтының магистрі картинаның суретші өзі салмағандығын, оның шәкіртінің туындысы екенін айтқан. Осылайша ақылы мен көркі келіскен бөтен жердің тумасы миллиардердің жүрегіне жол табады. Отбасылы компания иесі қызметшіге ессіз ғашық болып, бір жылда отбасынан ажырасып, Барбараға үйленеді. Бұл кезде қожайыны 76 жаста, ал Барбара 34-те болатын. Екеуінің жас айырмашылығы көп болғанына қарамастан отбасы болады. Он жыл отандасқан олар, перзент сүйе алмайды. 1983 жылы күйеуі қайтыс болады. Ортақ балалары болмаса да қомақты қаржысы мен компания акциясын мұрагері етіп жарына қалдырғанын естіген балалары сотқа шағымданады. Осылайша төрт айға созылған сот үкім шығарып, 350 миллионды жесіріне беруді ұйғарады. Күйеуінің қазасына қабырғасы қайысқан Барбара қайтып тұрмысқа шықпады. Соңғы жылдарын жұбайымен бірге өткізген ол тек әйелі ғана емес, кеңесшісі болған. Өз білімділігі мен ақылдылығының арқасында сотта жеңіп алған қаржысын он есеге көбейтіп, миллиардер әйел болып шыға келді. Ақшасын ақылмен жарата білген ол ең бай әйелдер қатарында болған екен. Табысының көп бөлігін картиналар мен қайырымдылық қорына жұмсаған. Туған жері туралы естен шығармастан әртүрлі қайырымдылық қорларына қаржы аударып отырған. Барбара Пясецка 2013 жылы 76 жасында ұзақ аурудан соң өмірден өткен. Соңғы жылдарын туған жері Польшада өткізген. Ал қыруар қаржысына мұра етіп кімді қалдырғаны күні бүгінге дейін белгісіз.

Жүктелуде...