Ғалымдар коронавирус жұқтырған адамның қай кезде аса қауіпті болатынын айтты
Ғалымдар коронавирус жұқтырған адамның қай кезде аса қауіпті болатынын айтты
ашық дереккөзі
Жаңа коронавирустың жұқпалылығы ауру сатысына байланысты өзгереді. COVID-19 коронавирусы иммунитет оны анықтағанға дейін таралады және аурудың алғашқы белгілері пайда болады,- деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай зерттеу қорытындысы Гуанчжоу медициналық университеті мен Гонконг университетінің ғалымдары Nature Medicine-де жарияланған.
Ғалымдар коронавирус жұқтырған 94 пациенттің мұрынынан шырышты сынамалар алып, уақыт өте келе вирустық генетикалық материалдың қалай өзгеретінін өлшеді.
Вирустың деңгейі алғашқы белгілер пайда болғаннан кейін бірден шыңына жететіні белгілі болды, соның нәтижесінде 21 күн ішінде науқастың жағдайы одан әрі нашарлай береді.
Бұл вирус инфекцияның басында, иммундық жүйе оны анықтағанға дейін күшті түрде көбейеді дегенді білдіреді. Ал иммунитет вирус анықтағаннан кейін оның таралуы қиынға соғады.
Сондай-ақ, зерттеу авторлары науқастармен байланыста болған 77 адамға бақылау жүргізіп, салдарын зерттеді. Вирустың тасымалдаушысы белгілердің басталуынан екі жарым күн бұрын жұқпалы болатыны, ал инфекцияның шыңына белгілерге дейін бір күн қалғанда жететіні белгілі болды.
Бұл белгілерден кейін COVID-19 өзінің жұқпалығын жоғалтады дегенді білдірмейді: зерттеушілердің пікірінше, жұқтыру қауіптілігінің шамамен 44 пайызы вирустың "симптомдарға дейін" берілуімен жүреді - яғни жұқтырудың қалған пайызы аурудың басқа сатыларында болады.
Алынған нәтижелер неміс дәрігерлерінің бұрынғы мәліметтеріне ұқсас. Олар да вирустың деңгейі мен жұқтыру ықтималдығын талдаған, бірақ зерттеуге пациенттер аз қатысқан. Бұл зерттеу жаңа коронавирустың "симптомдарға дейін" дейінгі сатысында және инфекцияның белгілері анықталғаннан кейінгі бірінші аптаның ішінде аса жұқпалы екенін айтты.
"Жұқтыру иммундық жүйенің қалай жұмыс істейтіндігіне және адамға вирустың қандай нұсқасы жұққанына байланысты өзгеруі мүмкін", - деп атап өтті басылым.