Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

20 Сәуір елде және әлемде болған оқиғалар

20 Сәуір елде және әлемде болған оқиғалар

20 Сәуір елде және әлемде болған оқиғалар
ашық дереккөзі
Халықаралық цирк күні. XVIII ғасырдың соңында ағылшын шабандозы Филип Астли қазіргі аренаны, нақтырақ айтсақ, диаметрі 13 метрлік шеңберді ойлап тапты. Дәл осы шеңберде аттарға трюктарды орындау ыңғайлы болатын. Адамдар циркке сиқыр әлеміне сапар шегіп, акробаттар мен аңдардың естен кетпес өнерін тамашалап, бойын сергітіп, демалу үшін барады. Израиль Республикасының ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1948). Израиль Батыс Азияда, Жерорта теңізінің Шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Астанасы - Тель-Авив қаласы. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы орган - бір палаталы парламент. Ресми тілі - иврит және араб тілдері. Ақша бірлігі - шекель.   20 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар 1940 жылы АҚШ-та алғашқы электронды микроскоп таныстырылды; 1993 жылы Backstreet Boys тобы құрылды; 1999 жылы "Колумбайн" мектебінде жаппай кісі өлтіру оқиғасы болды; 2001 жылы Қытай гомосексуализмді психикалық аурулар тізімінен ресми түрде алып тастады. 20 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар  1937  жылы Балқаш (Қарағанды облысы) қала мәртебесін алды; 1973 жылы Жезқазған облысы құрылды; 1991 жылы Атырауда әлемдегі ең терең кен орны Теңізден алғашқы өнеркәсіптік мұнай өндірілді; 2012 жылы Павлодарда қызметтік парызын өтеу барысында қаза тапқан 9 ішкі істер және ішкі әскер қызметкерлеріне ескерткіш орнатылды;