Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

​Эротикалық жұлдызнама

​Эротикалық жұлдызнама

​Эротикалық жұлдызнама
ашық дереккөзі
Туған жұлдызы бойынша әрбір жанға әр қырынан мінездеме берген жұлдызнамалық болжамдарды оқыған боларсыздар, ә?! Енді жұлдызнаманың эротикалық түрінен де өзіңіз туралы не дегенін оқып көріп, іштей ғана салмақтап көріңіз. Қажетті жерін есте сақтап қалатыныңызға сенеміз. Туған жұлдызы бойынша әрбір жанға әр қырынан мінездеме берген жұлдызнамалық болжамдарды оқыған боларсыздар, ә?! Енді жұлдызнаманың эротикалық түрінен де өзіңіз туралы не дегенін оқып көріп, іштей ғана салмақтап көріңіз. Қажетті жерін есте сақтап қалатыныңызға сенеміз. Тоқты. Бір көргеннен махаббат деген бар болса, оны тап осы Тоқты белгісінде туғандар ойлап тапса керек. Қызба қандылық, әсерленгіштік пен миға кірмейтін қадамға бару осы Тоқты белгісіндегілер үшін айтылған көрінеді. Лап етіп ғашық болып, бір сәтке «басын жоғалтып» алады да, кейіннен осы үшін өкінеді. Бұлар жатын бөлмені де «отқа орайды». Бірақ кездейсоқ жақындық олар үшін емес. Дегенмен, Тоқтылардың көңілін табу қиын емес. Құмарлықтың тап нүктесін басып, тояттана алса, ол ешқашан бөгдені іздемейді. Торпақ. Тоқтыларға қарағанда Торпақтардың ғашық болуы өте қиын. Олардың көңілінен шығуы үшін серігі шыдамды болуы керек. Тек шын құлаған жанына ғана құшағын ашады. Төсекте барлық әдісті қолданып көруі мүмкін. Оның серігі қалағанда көңілін қалдырмауы тиіс. Әйтпесе көңілі бірден суынады. Тіпті, серігін «көзіме шөп салып жүр» деп кінәлауы да мүмкін. Төсекте келісімді түрде әрекет етуді қалайтындар да осылар. Егіздер. Сыртына қарап қана жеңіл ғашық болу – Егіздерге тән. Олармен жұп болғысы келгендер алғашқы сәтте сеніп қалады. Бірақ соңынан өкініп жатады. Тез «жанып», «тез» өшеді. Төсекте де солай. Кез келген сәтте жатын бөлмеге тартса, таңданбаңыз. Қалауын орындауға тиіссіз. Егіздердің «плюсі» - нәзіктікпен қарауы, әрекет етуі. Ол серіктесінің көңіліне қашанда қарайды. Жатын бөлмеде бәрін өз қолына алады. Әсіресе еркектер жағы «билікті» әйелге беріп қоя алмайды. «Өзі» болуы керек. Қараңғы немесе жарық... ол үшін рөл ойнамайды. Салқынқанды серігінен тез жериді. Өзі сияқты «өрт» болғанын қалайды. Шаян. Арманшыл әрі романтик болса, оны Шаян белгісінде туылған деп тануға болады. Махаббат «ойынының» идеалды болғанын қалайтындар да осылар. Оларды алдымен өзіңіз жетелейсіз, қажет жеріне келгенде серігіне дес бермей кетеді. Оған «оңаша отауда» да мақтау айтып қойсаңыз, жаны сүйеді. Әсіресе, еркектерді... Олар әйелдің көңілінен шыққанды өте жақсы көреді. Бірақ кім жек көрсін?! Ал Шаян белгісіндегі әйелдер бұл «тақырыпта» ұялшақтау. Бірақ серігі көңілін табар болса, өзін отауда еркін сезінетін болады. Арыстан. Арыстандардың мінез-құлқына байланысты «кірпияз» сөзі жиі айтылады. Бұл оның жатын бөлмеге деген көзқарасынан, әрекетінен де аңғарылып тұрады. Осыдан-ақ Арыстан белгісінде туғандардың көңілін табу қиындау екендігі белгілі. Ал өзінің көңілі құласа, құшағына алмай қоймайтыны тағы бар. Осыны білгенде жігіттердің ең алдымен жұлдыз белгісін сұрап алғың келеді-ақ... Арыстандардың бөгдеге көз салуы өте сирек, ол көңілінен әбден шыққан серігін ғана іздеп тұрады. Бірақ сымбатты, көз тартарлық сұлулыққа сырттай тамсанатыны бар. Серігінен тазалық пен шынайылықты талап етеді. Төсекте де... Бикеш. Керемет сезімталдық пен салқынқандылық бойында қалайша сыйдырып жүргеніне таңғаласың?! Иә, бұл Бикеш жұлдызы астында туылғандар туралы. Серігінің кірпік қағысынан-ақ не қалап тұрғанын айтпай ұққанымен оңаша отауға жөнеле бермейді. Ол үшін қолайлы уақыт пен жағдай, өзінің көңіл күйі де маңызды. Сондықтан шығар, көбіне «өрт мінезді» серік таңдайтыны?! Өткінші сезімге берілмейді, емеурін танытатындарға жаны қас. Ал таңдаулысымен ләззатты сәттің ең ұшар биігінен көрінеді. Таразы. Таразы белгісінде туғандар сүйкімділігімен-ақ серігін естен тандырады. Бірақ жатын бөлмедегі оңашалыққа келгенде бойында қызуқандылық аса сезілмейді. Олар үшін серігі белсенді болуы керек. Еркектер жағы серігінің сымбатына қарап алдын ала тояттанып барып сезімін оятса, Таразы-әйелдер төсек пен жатын бөлменің ішкі әсеріне қатты мән береді. Сол сияқты шілтерлі ішкиімдерге де әуес келеді. Сарышаян. Көңілі кетсе құлай ғашық болатын Сарышаяндар үшін жайма үстінде билікті қолға алу – өзін танытумен тең. Онымен бірге болған әйел ешқашан ажырамақ емес, егер өзі қаламаса. Осыдан-ақ Сарышаян-еркектер туралы айтып отырғанымыз белгілі болар?! Ол әр кездесуде әртүрлі әсер қалдыра алады. «Ыстық» әйелдер деген осы Сарышаян белгісінде туғандарды айтса керек. Алдымен серігін жалынымен бір шарпып есеңгіретіп алады да, сосын оның есінде мәңгі қалатын қылық көрсетеді. Мерген. Махаббатқа тым терең қарайтын Мергендерге төсек ойыншық емес. Оған ұзақ дайындалып, содан соң ғана әрекетке барады. Бірақ ойынан шықпайтын болса, бірден байланысын үзуі де ғажап емес. Мерген – еркектер «махаббат ойынының» құмарына терең бой ұрады. Оның санасын жаулап алу оңай. Ол үшін еліктірер тәтті қылығыңыз болса жетерлік. Ал әйелдер аса өмірсүйгіштік қасиетін отауда да көрсетеді. Тіпті жаңа «трюктер» ойлап табуы да ғажап емес. Тауешкі. Бірінші кездескенде Тауешкі белгісінде туғандар суық боп көрінуі мүмкін. Бірақ сыртқы әсеріне алданып, нағыз «от-құшақтан» бас тартып жүрмеңіз. Себебі түсінікті де болар?! Тауешкі белгісінде туғандардың көңілін қалдырып алуға болмайды. Солай болған жағдайда оның ыстық құшағын қайта көрмейтін боласыз. Тауешкі-еркектер махаббат ойынын өзі басқарғысы келеді. Серігін де өз уысында ұстайды. Тауешкі-әйелдер де отауда бірінші болғанды ұнататындар қатарынан. Суқұйғыш. Суқұйғыштардың ешбірі жеңіл қарым-қатынасты ұнатпайды. Олар үшін серігінің өмір бойы біреу де бірегей болуы маңызды. Сол үшін құшағына да кез келгенді ала бермейді. Суқұйғыш белгісінде туған еркектер төсектегі үйлесімділікке мән береді. Төсек ләззатына келгенде оның серігінің де көзқарасы өзінікімен тура келуі керек. Ал Тауешкі-әйелдер ләззат алуды алдымен ыстық сүйістен бастағанды ұнатады. Айтпақшы, «Камасутра – Суқұйғыштар үшін арнап жазылған» деген сөз бар. Балықтар. Балықтардың бір кемшілігі – дер кезінде шешім қабылдай алмау. Онысы жатын бөлмеге кіргенде де көрсетеді. Тіпті абдырап қалса да таңғалмаңыз. Төсекте «көшбасшылықты» серігіне оп-оңай беріп те қоя салады. Ол үшін маңыздысы – ләззат алу ғана. Бірақ құмарлықтың шегіне жету үшін белсенділігін көргенде танымай қалуыңыз мүмкін. Балықтар белгісінде туған әйелдерге тән бір ғана қасиет – ол жатын бөлмедегі құпиясын ашпайды және оны сыртқа шашқанды ұнатпайды да. Ол құпия әйел болып қала бермек. Оны тек серігі ғана танып-біле алады. Дереккөз: Ernur.kz