Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Ұлыбритания патшайымы Елизавета Екінші биыл 21 сәуірде 94 жасқа толады. Патшайымның отбасындағы мерейтойлар мен туған күндер кезінде арнайы от шашулар дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын. Алайда елдегі ахуалға байланысты 68 жыл бойы үздіксіз орындалып келген бұл шара, биыл өткізілмейді деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігі rbk.ru-ға сілтеме жасап.
Ұлыбританияда коронавирус індетінің көптеп таралуына байланысты Ұлыбритания патшайымы әржылғыдай ерекше тойлаудан бас тартқан.
Бүгінгі таңда Ұлыбританияда коронавирус індетінен 15 мыңға жуық адам қайтыс болған. Бұл дүниежүзі бойынша індеттен зардап шеккен мемлекеттердің арасында бесінші орында тұр.
Жасы егде тартқан патшайым Елизавета Екінші бұған дейін де сақтық шараларын ұстанып, ресми кездесулерді тоқтатқан. Ал ұлы ханзада Чарьлз коронавируспен ауырып, айыққанын еске саламыз.