Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ақша туралы қызықты деректер

Ақша туралы қызықты деректер

Ақша туралы қызықты деректер
ашық дереккөзі
Қазіргі кезде ақшасыз өмірді елестету қиын. Құнды қағазды ойлап тапқалы адамзат өмірі едәуір жақсарған. Бұл біз өмір сүріп жатқан қоғамдағы жағдай. Ал ақшаның не екенін білмейтін, ол қағаздың маңызын түсінбейтін ел тұрғындары күні бүгінде бар екен. Жаңа Гвинеяның Амазонка мен Папуа джунглияларының тұрғындары ақшаны білмейді екен. Бүгін біз ақшаға қатысты қызықты мәліметтерді ұсынамыз. 1. Орта есеппен қағаз ақшалар қолданыста үш жыл көлемінде тозады, ал американдық долларлар 8-9 жылға дейін "өмір сүреді". 2.Әлемдегі ең танымал банкнота – АҚШ-тың 100 доллары. 3.Қағаз ақша алғаш болып, Қытай мемлекетінде 3мың жыл бұрын пайда болды. 4.Әйгілі доллар белгісі – $ – АҚШ мемлекеті құрылмай тұрып, Мексикалық песоның белгісі болған. 5."$" белгісін 1778 жылы америкалық бизнесмен Оливер Паллок ойлап тапқан. 6.Колумбиялық есірткі сатушысы Пабло Эскобар полициядан қашып жүргенде, 2 миллион долларды жағып, отбасымен бірге жылынған екен. 7.1918 жылы Американың Федералдық Банкі, телеграф арқылы тұңғыш рет ақша аударымын жасады. 8.Америка Құрама Штаттарында құнды қағазға тек қана қайтыс болған адамның суреті бейнеленеді. 9.Ақша банкноттары шығарылғаннан тозығы жеткенше 30-50 мың адамның қолынан өтеді. 10.Жиі пайдаланатын ішіндегі ең лас құралдың бірі ол ақша. 11.Дүниежүзі бойынша ең танымал ақшаның түрлері- доллар, франк, песо. 12.Сирек кездесетін 2 доллар АҚШ-тың тәуелсіздігінің 200 жылдығына орай санаулы тиражбен шығарылған. 13.Американдық 100 долларлық купюрлық миллион доллардың салмағы 10 кг құрайды. 14.Тайландта банкноттарда корольдің суреті бейнеленгендіктен аяқпен басуға тыйым салынған. 15.Дүниежүзі бойынша 1996 жылы Аустралия ең бірінші болып пластикалық банкноттарға көшкен.