Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, орта есеппен еркектердің 14 жастан бастап 60-тың арасында ұрпақ қалдыруға (тікелей айтқанда, әйелді жүкті етуге) қабілетті болатын көрінеді.
70-тегі қарттың да жас әйелдің жатырына бала бітірген сәті де көп кездескен. БІРАҚ... Бірақ, көбіне еркектер 40 жастан соң-ақ бұл қабілеттен айырылып, өкінішті жағдайға ұласып жататын сәттер аз болмайды екен. СОНДА... 50 жастан асқандардың әйелді жүкті ету қабілетіне күмән болғаны ма? Егер солай болса, оған не себеп? Жас ұлғайған сайын еркектер осынау ерекшеліктерінен (бұл жастағы әйелдермен салыстырғанда) айырыла бере ме? Ата-бабамыздың Сексенбай-Тоқсанбайларды өмірге келтірген құдіретінің құпиясы неде? Елу ЕРДІҢ жасы болса да... Әлбетте, жатырда шарананың пайда болуына атсалысу үшін (табиғи жолмен, әрине) еркектерде жас ерекшелігі маңызды емес. Әйелдермен салыстырғанда,еркектердің бойынан аталық ұрық өмір бойы бөлінеді. Дегенмен, жас ұлғайған сайын ұрық шығару бір бөлек те, жүкті ете білудің (аналық жасушаны ұрықтандыра алудың) жөні бір басқа. 20 жастағы жігіттердің әке болуға мүмкіндігі орасан. Ал жас қосылған сайын сол мүмкіндіктің де проценті азая беретінін есте сақтаған жөн. Мамандардың дерегіне сүйенсек, ендігі 35 жастан кейін еркектің генетикалық материалының сапасы төмендей беретін көрінеді. Яғни, шауһаттың сапасы кеми бастайды. Белсенді сперматозоидтар саны кемиді. Жас кездегідей емес, жыныстық жасушалар жай қозғалып, аналық безге баратын тіке жолдың бойында көбісі өліп қалады. Ал 40 жастан соң шауһат мөлшерінің өзі 10-20%-ке кемиді. Еркектің белсенділігі де төмендеп, гормондық жүйесінде өзгерістер болады. Ал ол потенцияға әсер етеді. Жыныс жолдарындағы кейбір аурулар 30-дан кейін асқына бастайды. Эрекция да әлсірейді. Мамандардың айтуынша, еркектердің жасы ұлғайған сайын олардан пайда болатын ұрпақтың денсаулығында кінәрат та көбірек болмақ. Яғни, генетикалық сапа төмендеп, баланың түрлі тума дертпен өмірге келу мүмкіндігі жоғары.
Еркектің бала құрсақ көтеруге нағыз қабілетті де мүмкіндігі мол шағы 25 жаста келеді. Бұл кезде жалындаған жігіттердің басым көпшілігі білім алып, белгілі бір көлемде тұрақты табысқа жетіп үлгереді. Генетиктер мен репродуктологтар ұрпақ жалғастыруға ең қолайлы жас – 25 пен 30-дың арасын атайды. Дегенмен, бұл тек қана орта есеп қана. Еркектерді дәп мына жасқа дейін ұрпақ жалғастыруға қабілетті деп тап басып айтуға да болмас. Себебі, оған әсер ететін жанама факторлар да жетерлік. 50+: Тек жас ұлғаю ғана себеп емес 50 жастан асқан еркектердің әйелді жүкті етуге мүмкіндігі мол. Сондай-ақ дені сау ұрпақ қалдыруға да жас ерекшелігі кедергі емес. Әрине, мұның барлығы денсаулықты қажетінше күтуге байланысты болмақ. Дені сау ұрпақ дегенде, әлбетте, 25-30 жас аралығында да некелі жұптардың ұрпақ өрбітуінде кедергілер болып жатады. Жасөспірім шағынан жаман әдеттерге әуестенгендердің 25 жаста дені сау сәби сүю мүмкіндігі көп деп айтуға келмеді. Мұндай жағдайда олардың сәби сүю мүмкіндігі тіпті, 50 жастағылардан да аз болуы мүмкін. Сонымен, 50+ жастағылар әйелді жүкті ете ала ма? Әрине, бұл жастағы кез келген еркек әке атана алады. Себебі, еркек ағзасында сперматозоидтар 70-80 жаста да бөліне береді.Маңыздысы – оның сапасында. Жоғарыда айтылғандай, мұндай жаста да дені сау сәби сүю үшін басты назарда денсаулық болуы тиіс. Әлбетте, елуден асқан еркектер төсекте де 25 жастағыдай жалындап тұрмайды. Дегенмен, мүмкіндікті молайтуға болады.
Дереккөз:
Ernur.kz