Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әнші Арман Қоңырбаев төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл төлейтін болды

Әнші Арман Қоңырбаев төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл төлейтін болды

Әнші Арман Қоңырбаев төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл төлейтін болды
ашық дереккөзі
Алматы полициясы әнші Арман Қоңырбаевты карантин режимін бұзғаны үшін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция Департаментінің хабарлауынша, әнші түнгі 1 шамасында Абай көшесіндегі лаундж барлардың бірінде демалған. «Жүргізілген жедел шаралардың арқасында бұл бар заңға қайшы жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Бұл мекеменің есігі айқара ашық болмаған. Ішіне тек сенімді адамдарды кіргізген. Солардың бірі Арман Қоңырбаев өзінің құқықбұзушылық жасағанын мойындады. Бұл дерек бойынша ҚР ӘқбК 476-бабымен 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде мекеменің иесі 28 жастағы Жүсіпов те бар. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Арман Қоңырбаев 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлейтін болды. Басқалары 5-15 тәулік аралығында қамауға алынады», - деді қалалық ПД бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.