«Biz birgemiz»: Шымкенттегі шетелдік студенттерге көмек көрсетілуде

«Biz birgemiz»: Шымкенттегі шетелдік студенттерге көмек көрсетілуде

ашық дереккөзі

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің жатақханасында 137 шетелдік білім алушы студенттер карантин жағдайында қашықтықтан білім алып жатыр. Оларға республикалық «Birgemiz» акциясы аясында еріктілер мен университет ұжымы тарапынан көмек көрсетілді. Атап айтқанда шәкірттерге азық-түлік, тұрмысқа қажетті затар мен бетперде антисептик бір реттік қолғап таратылып берілді. Мұндағы студенттер әр қабатқа орналасып толық оқшауланған. Қазіргі таңда жатақханада онлайн арқылы білім алып жатқан жалпы 137 студенттің басым бөлігі Түркіменстаннан келген жастар. Заманауи үлгіде жабдықталған жатақханада компьютер класы, 5 мыңнан аса кітап қоры , кең жолақты ғаламтор студенттерге толыққанды білім алуға мүмкіндік беріп отыр. 30 мыңға жуық электрондық кітаптар базасы да тәлімгерлер үшін қолжетімді. «Ел түгілі әлемде індет жайлағанда үйден шықпай сапалы білім алу мақсатымыз дейді студент Жанар Кемежан. Қытайдың Құлжа қаласынан келіп Шымкентте білім алып жатқан ол коронавирус дерті тоқтап, ата-анасы мен аман-есен қауышатын күнді күтіп жүргенін айтады. Қашықтықтан білім алуға да дағдыландық дейді шетелдік білім алушы. Жанар Кемежан, М.Әуезов атындағы оқму 2 курс студенті -Онлайн сабақ тиімді болып жатыр. 1 сабақ 30 минут болады. Ал жатақхананың кітапханасы 5 мыңға жуық кітап қоры бар. Электронды кітапхана тағы бар. Барлығы студенттер үшін қол жетімді. Сәкен Мәжімбеков, М.Әуезов атындағы оқму проректоры -Азық-түлік, гигиеналық қажетті заттар сонымен қатар бетперде перчатка қолға киетін сосын антисептик заттарменен қамтамасыз етіп жатырмыз. Жағдайды түсінгеннен кейін, көптеген қызметкерлер өз еркімен осындай жасап жатқан жайы бар.

Жүктелуде...