Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Қаржы

Қаржы пирамидаларын жарнамалағандарға қандай жаза қолданылмақ?

Қаржы пирамидаларын жарнамалағандарға қандай жаза қолданылмақ?

Қаржы пирамидаларын жарнамалағандарға қандай жаза қолданылмақ?
ашық дереккөзі

 width= Қаржы пирамидалары фактілері бойынша осы жылдың 8 айында 37 қылмыстық іс қозғалды. ​Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі Ерден Жұма айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. «Қаржы пирамидалары фактілері бойынша осы жылдың 8 айында 37 қылмыстық іс қозғалды. 18 қаржы пирамидасының заңсыз қызметінің жолы кесілді. Қазіргі уақытта осы факілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл адамдар зардап шегіп, алданғаннан кейін қозғалған фактілер саналады. Жалпы адамдардың көпшілігі құқық қорғау органдарына дер уақытында жүгінбейді. Ақшаларын «аламын» деген үмітпен уақытын жоғалтады. Қазіргі уақытта алдын алу шараларына баса назар аударып отырмыз. Осы бағытта бірқатар жұмыс жасалып жатыр», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Сонымен қатар ол қаржы пирамидаларының жұмысын әлеуметтік желіде жарнамалаған жандарға қандай жаза қолданылатындығын айтып берді. «Жалпы Әкімшілілік құқық бұзушылық кодексінің 150-бабы бойынша қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін әкішілік жауапкершілік қарастырылған. Бірақ жұмыс жұмыс ішкі істер органдарының құзіретіне кіреді. Ал қаржы пирамидаларын құру және оны басқаруға Қылмыстық кодекстің 217-бабында тыйым салынған», - деді Ерден Жұма. Айта кетейік, қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметiнiң жарнамасын шығару, тарату және орналастыру – үш айға дейiнгi мерзiмге бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бiр жүз елу, лауазымды адамдарға – бiр жүз жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.