Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Қаржы

Қазақстанға тиесілі Швейцария банкіндегі 390 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды

Қазақстанға тиесілі Швейцария банкіндегі 390 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды

Қазақстанға тиесілі Швейцария банкіндегі 390 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды
ашық дереккөзі

 width= Сегіз жылдан бері халықаралық іздеуге жүрген Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі Швейцария банкіндегі 390 миллион теңгеден астам қаржыны қайтарды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылдың 14 қыркүйегінде Швейцарияның Федералдық билігі "Қорғас ісі" бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, шетелге шығарған 390 миллион теңгеден астам қаражатты Қазақстанға қайтарды. Бұл қаражат 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшелерінің бірі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі. Қаражат  Швейцария банкіндегі шетелдік компанияның шотында болған", - делінген ақпаратта.

Бұған дейін 2019 жылы осы іс бойынша мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 миллион теңге қайтарылған болатын. Осылайша, "Қорғас ісі" бойынша Швейцариядан мемлекеттік бюджетке жалпы соммасы 530 миллион теңге қайтарылды.