Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Эксклюзив: шетелдегі қандастар праймериз туралы пікір білдірді

Эксклюзив: шетелдегі қандастар праймериз туралы пікір білдірді

Эксклюзив: шетелдегі қандастар праймериз туралы пікір білдірді
ашық дереккөзі
 width= Елімізде 17 тамыздан бастап партияішілік праймериз басталды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бастама алдындағы үндеуінде: "Бүкіл еліміз бойынша ауқымды праймериз өткізу биліктегі партияның "қайта жаңғыруының" нәтижесі болады",- деді. Праймеризге қатысуға еліміздің әр өңірінен 11 мың адам өтініш қалдырған. Праймериз сөзін бұрын-соңды естімедік. Бұл жаңа форматтағы жаңашаландыру әдісі. Қиырдағы қазақ азаматтары праймериз туралы не ойлайды? Newsroom+Ақпарат агенттігінің тілшісі Ташкент қаласында тұратын қандасымыз Айжан Таджибаевамен сұқбат жүргізді. Соңғы рет Қазақстанға қашан келдіңіз? Өзбекстандағы Қазақстан елшілігімен байланысып тұрасыз ба? 2018 жылы Алматы қаласына ән конкурсына барғанмын. Өзім де, ата-бабам да Ташкент қаласында туып өскенбіз. Бірақ өз Отанымызды ешқашан ұмытпадық.
Тәнім осында болғанымен, жүрегім Қазақстан деп соғады.
Елге деген сағынышты айтып жеткізу мүмкін емес. Композитормын. Сағынышымды әнмен басамын. Репертуарымда "Өзбек-Қазақ бір тұтас" әні бар.
"Бұл дүниеде халық көп болғанымен,сенің орның қазағым басқа бірақ..."
Қазақстан елшілігімен тығыз байланыстамыз. Ұлттық аспабымызды дәріптеп, домбырашы шәкірттерді тәрбиелеп жүрмін. Елшілік өздері ұйымдастыратын әр жиынға құрметті қонақ ретінде шақырады. Қазіргі таңда Қазақстанда партияішілік праймериз өтуде. Ел жаңалықтарынан хабардарсыз ба?
Otau-tv арқылы Қазақстан арналарын үзбей көріп отырамын. Праймериз - көшбасшыларды іріктеу, жаңа адамдарды таңдау деген мағына. Билікке жаңа адам, жаңа қадам, жаңа ой керек. Праймериз жүйені өзгертеді деп ойлаймын.
Еліміздің түкпір-түкпірінен 11 мың адам праймеризге өтініш берді. Кандидаттардың 72 % - өзін өзі ұсынушылар, қалғаны халықтың қолдауы арқылы үміткер атанды. Кандидаттар арасында блогерлер, вайнерлер, қоғам белсенділері бар. Ең жас үміткер 19 жаста.
Билік басына, депутаттыққа әзілкеш жандардың келгенін құптамаймын. Көш бастаушы азаматтар терең ойлы, жан-жақты, қабілетті, білімді болу керек. Көпті көрген, қоғаммен байланыс жасай алатын жандардың жасы да өте маңызды. Ақыл тоқтатқан, адал жұмыс істейтін адамдар қатары көп болғаны дұрыс.
Халық санағының жартысынан көбі әйел азаматтар. Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әйел адамдарға әлеуметтік лифт жасап, оларға жол беру керектігін айтты. Праймеризге қатысушылардың 34% әйел адамдар құрайды.   Ел тізгінін ер адам ұстағаны дұрыс. Ол қазақы қанымызда бар нәрсе. Әрине, ел басқаратын ер адамға артылатын міндетте көп. Ең маңыздысы, көргені мол, түйгені зор, көзі ашық, халықпен жұмыс жасай алу керек. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында: "Біз халық үніне құлақ асатын мемлекетпіз", деді. Праймериздің де басты мақсаты - халықтың қалауын жеткізуші адамдардың жаңа командасын құру. 
Праймеризге қатысушы барлық үміткерлерге сәттілік тілеймін. Қазақстанымның көркеюіне шын ниетімен үлес қоса алатын адамдар жеңсін. Әр кандидат әділ сайлануы керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық игілігігі үшін жасап жатқан барлық игі істеріне алғыс айтамын. Президентіміздің жүргізіп жатқан салиқалы бастамасын қолдаймын. Оралман сөзіне "қандас" атауын бергеніне қатты қуандық.
Естеріңізге сала кетейік, 17 тамызда басталған праймериздің екінші кезеңінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өтеді. 3 қазанда мобильді қосымшалар арқылы электронды дауыс беру жұмыстары жүзеге асады. Қатысушылардың көбі 30-44 жас аралығында. Ең жас үміткер 19 жаста болса, ең үлкені 83 жаста.