Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сараптамалық кездесу: «Пандемиядан кейінгі жарнама нарығының ахуалы»

Сараптамалық кездесу: «Пандемиядан кейінгі жарнама нарығының ахуалы»

Сараптамалық кездесу: «Пандемиядан кейінгі жарнама нарығының ахуалы»
ашық дереккөзі
 width= «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорымен ұйымдастырылған «Пандемиядан кейінгі жарнама нарығының ахуалы» тақырыбында өткен сараптамалық кездесу өтті. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі “Медиа дамыту қоры” баспасөз қызметінен сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстандық жетекші медиа-практиктер мен жарнама және маркетинг саласындағы сарапшылар онлайн кездесу ұйымдастырды. Жарнама келісім-шарттарының азаюы медиа нарыққа қалай әсер еткенін, жарнамалық нарық жалғасып жатқан пандемия жағдайында қалай дамитынын талқылады. Сарапшылардың бағалауымен 2020 жылы елдің жарнама нарығы 50 млрд. теңгені құрайтын болады. 6% өсудің орнына 20%-ға дейін құлдырау күтілуде. Қатысушылар жинақталған статистикамен алмасты. Осылайша карантин кезінде теледидар көру өсімі шамамен 25-30% құрайды. Аталған уақыт аралығында көрермен жаңалықтар бағдарламаларына артықшылық берген. Аудиторияның өсуіне қарамастан, сәуір-мамыр айларында жарнаманың 15%-ға құлдырауы байқалады. Жарнама берушілер көктемде ТВ-жарнамаға арналған бюджетті тоқтатып, күзге қалдырған. Бірақ нарықтың өзі көрсетіп тұрғандай, жарнамалық науқандар  медиа кеңістікке оралуда. Бүгінгі таңда жарнаманың қарқынды дамып келе жатқан санаттары: медициналық қажеттіліктер, тамақ өнімдері, байланыс қызметтері және қаржы құралдары. Жарнаманың азаюына байланысты ең көп шығынға баспа құралдары ұшыраған. «Дала мен қала» газетінің бас редакторы Думан Быкай:
«Біз оқырмандарымыздың көбінен айырылдық. Егер біз карантин енгізгенге дейін аптасына 2500-3000 дана газет сатқан болсақ, пандемия басталғаннан бұл сан 1500 данаға дейін қысқарды. Бірақ қазақ тілді баспаның болашағы бар. Батыста вендинг аппараттарын қолдану тәжірибесі бар. Егер министрлік бізге қолдау көрсетсе, онда мұндай аппараттарды еліміздің ірі қалаларында орнату мүмкіндігі туар еді. Мұндай жағдайда біздің газеттер клиенттерді жарнама берушілер ретінде алар еді».
Ал 2020 жылдың басынан бастап көптеген digital-арналар өз аудиторияларын кеңейтіп, ірі жарнама берушілердің назарына ілікті. Мұны әлеуметтік желілерде небары 5 ай бұрын пайда болған Qumash жобасының мысалынан көруге болады. Жоба жетекшісі Бақдәулет Исаевтың айтуынша, аталған клиент оларға басқа ірі дәстүрлі БАҚ-пен келісімшартты аяқтағаннан кейін келген. Сандық медиа туралы  «Admixer Central Asia» технологиялық компаниясының бас директоры Алан Ибраим айтты:
«Шынында да, соңғы жарты жылда біз ешкім болжамаған жағдайға тап болдық. Бұдан ертерек бүкіл интернет-жарнама нарығына әсер ететін маңызды жаңалық айтылған болатын. Келесі жылдың соңына дейін интернетте cookies жойылады. Олардың көмегімен таргетті жарнама жасау мүмкіндігі бар, соның арқасында көптеген жарнама берушілерде интернет жарнамалық арна ретінде қызығушылық тудырады. (...)  Кішігірім сайттар мен платформалар зардап шегуі мүмкін. Біздің қазіргі басты міндетіміз - бұл сайттармен жұмыс істеу және оларға жергілікті жарнама желісін құруға көмектесу. Осылайша біз олардың медиа бюджеттерін қорғай аламыз. Себебі таргетингсіз сайттар жарнамалық кіріс ала алмайды. Егер  сайттарға көмек көрсетпесек, онда медиа жарнамадан түсетін негізгі кірістің датаны (деректерді) жинау мүмкіндігі бар, өз платформасы мен  инвентаризациясымен жабдықталған ірі компаниаларға кетіп қалу қаупі бар».
Сараптамалық кеңесте өз компаниясының тәжірибесімен «BI group» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Жеңіс Мухиев бөлісті:
Пандемия көптеген ірі компаниялардың жоспарлары мен стратегияларын өзгертті. Еліміздің құрылыс саласының алыбы да шет қалмады. Жыл сайын жарнаманың жалпы бюджетінің 80%-ы сыртқы жарнамаға, ал 20%-ы әлеуметтік желілер мен өзге интернет платформалардағы жарнамаға жұмсалатын. Бірақ жыл басынан компания өкілдері жұмыс бағытын өзгертіп үлгерді. Жарнамалық компания еш қиындықсыз интернет аумағына өтті. Тіпті әртүрлі бизнес құрылымдармен коллаборациялар туды. Бұл тәжірибе мақсатты аудиторияның үлкен бөлігіне жеткен.