Ұстаздарға арналған 900 теңгелік тариф іске қосылды: 300 ден аса сайт тегін

Ұстаздарға арналған 900 теңгелік тариф іске қосылды: 300 ден аса сайт тегін

ашық дереккөзі

 width= Оқушылар мен ұстаздарға арналған 990 теңгелік білім тарифі бүгіннен бастап іске қосылды. Бар болғаны байланыс операторының желідегі ресми парақшасына өтіп, «қосыламын» деген батырманы бассаңыз жеткілікті. Оңай. Демек кез-келген,  тіпті  оқуға қатысы жоқ адамдар да тарифті жүктей алады деген сөз емес пе? Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Көктемдегі онлайн оқудың көпке оңайға соқпағаны рас.  Баяу интернет -  оқушылардың көңіліне қаяу салды. Одан бөлек, тарифтің қымбаттығы да қалтаға біраз салмақ түсіргені жасырын емес.  «Бір айға телефонға кемі  10 мың бірлік жұмсайтын болдық»  деген ата-аналардың шағымы әлі есте.  Жаңа оқу жылында мұндай қателер қайталанбас үшін, жауапты министрлік жаңа білім тарифын әзірлепті. Құны небәрі - 990 теңге. Әйгерім ЖАНҒҰТИЕВА, ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бас сарапшысы:

«Қашықтықтан білім беру жүйесін қолдау мақсатында біздің министрлік байланыс операторларымен бірігіп, арнайы жоспралы тариф енгізді., тарифтік жоспар мұғалімдер мен оқушыларға арнғалған. Бұл тарифтің құны 990 теңге. Тариф бүгіннен бастап, яғни 20 тамыздан бастап іске қосылады»
Ал оған қалай қосыламыз?  Байланыс операторының желідегі ресми парақшасына өтіп, «білім тарифін» таңдап, «қосыламын» деген батырманы бассаңыз болды. Осы арқылы балалар мен ұстаздарға білім саласындағы 300-ден аса сайт, платформаларды шексіз пайдалануға мүмкіндік беріледі.  Одан бөлек, өзге де қажеттіліктер үшін қосымша  тағы 1 гб интернет қарастырылған екен. Әйгерім ЖАНҒҰТИЕВА, ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бас сарапшысы:
«Байланыс операторлары қосымша бір гб интернетті ұсынады бізге. Сондықтан мұғалімдер мен оқушылар өздері бұл интернет трафикті қолдана алады басқа жерге. Білім алу ресурстарына қолданса, бұл трафик жеткілікті»
Алайда, онлайн оқумен бастары балаларынан бетер қатып жүрген ата-аналардың мұнымен келіскісі жоқ. Министрліктің сүйінші сұрағандай ұсынған 1 гигабайты 1 күнге де жетпейді деп жұрт желіде реніштерін білдіріп жатыр. Хош. Тарифті қойшы, елде интернеті мен компьютері жоқ балалар да бар ғой әлі. Қазір, бұл мәселе де шешілу үстінде екен. Сафура ТІЛЕКОВА, №76 мектеп-лицейінің директоры:
«Мектептің балансындағы бар барлық компьютерлік техника уақытша қолдануға келісім-шарт негізінде отбасыларға беріледі. Біз қазіргі таңда тағы компьютер сатып алып жатырмыз. қазіргі күні келісім шарт жасалды. Мектепке әкеп бергенде оны таратамыз. Жақын арада біздің қажеттілікке сәйкес 200-ден артық интернет роутер алынады, және ол да таратылады»
Көктемде көптің жүрегін елжіреткен мына балайқайдың тілегі де қабыл болғандай.  Бастауыш сыныптың балаларына мектепке келіп оқуға мүмкіндік бар. Бірақ санитарлық талаптарды сақтай отыра бір класта көп дегенде 15 баладан ғана отырады. Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі - бірінші сыныптың  оқушыларына баға қойылмайды. Өзгелерді бағалауда да сәл өзгешелік бар. Сафура ТІЛЕКОВА, №76 мектеп лицейінің директоры:
«Тоқсандық бағаның 25 пайызын қалыптасушы баға құрайды. 25 пайызға бөліп бойынша бағалау және 50 пайызын тоқсан бойынша баға қойылады. Егер 100 балл жинаса онда  ең жоғары балл алады, және оның бір шкалассы бар. Қанша балл жинаған уақытта 4-5 алады деген сияқты»
Осылайша,10 күннен соң басталатын жаңа оқу жылына дайындық қызу. Дегенмен уақыт аз, ал шешілмеген мәселе әлі де жетеді. Дегенмен жауапты министрлік бәрін реттейміз деп уәде етті. Оны енді уақыт қана көрсетеді.

Жүктелуде...