Беларуссиядағы президенттікке кандидат болған Светлана Тихановская елдегі ірі кәсіпорындардың жұмысшыларын ереуілдерді жалғастыруға шақырды. Бұл туралы
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Риа Жаңалықтар сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
21 тамыз таңертең ол белорус халқына арналған жаңа үндеу жариялады.
«Құрметті белорусь халқы, Беларуськали, МТЗ, Гродноазот және басқа да кәсіпорындардың қызметкерлері! Сіз жаңа, еркін Беларуссияның символысыз. ...
Жарқырайтын кез келді. Беларуссияның болашағы, демек біздің балаларымыздың болашағы, енді сіздің бірлігіңіз бен шешімдеріңізге байланысты. Сондықтан мен сізден сұрарым: ереуілдерді жалғастырыңыздар. Қорқытқанға алданып қалмаңыз, бірігіңіздер», - деді Тихановская.
Экс-кандидат ереуілдердің мақсаты - зорлық-зомбылықты тоқтату, саяси тұтқындарды босату және «жаңа, ашық, еркін және әділ сайлау өткізу» екенін айтады.
Ереуілдер мен наразылық акциялары республика бойынша 9 тамызда президенттік сайлаудан кейін басталды.
Сайлауды 80,1% көрсеткішпен Александр Лукашенко жеңіп шықты. Оның қарсыласы Светлана Тихановская ресми ақпарат бойынша 10,1% -бен екінші орынға тұрақтады.
Еуропалық Одақ Лукашенконың президент болып сайлануын мойындамады. Батыстың бірқатар саясаткерлері Беларуссия билігін жаңа сайлау өткізуге, сондай-ақ наразылық білдірушілерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды.