Пекин маскадан бас тартпақшы: тәртіп жеңілдетілді

Пекин маскадан бас тартпақшы: тәртіп жеңілдетілді

ашық дереккөзі

 width= Қытай астанасы Пекиннің денсаулық сақтау басқармасы адамдарға ашық ауада бетперде киюге қатысты талапты алып тастады, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Қалада 13 күн қатарынан жаңа ауру саны тіркелмегеннен кейін коронавирусты болдырмауға бағытталған ережелер жеңілдетілді. Ереженің жеңілдеуіне қарамастан, адамдардың көпшілігі  бетперде киюді жалғастыруда. Кейбіреулер маскамен өздерін қауіпсіз сезінеді, ал басқалары бетперде киюге әлеуметтік қысым да әсер етті дейді. Пекиннің денсаулық сақтау органдары елордада маскаларды кию ережелерін екінші рет алып тастаған. Коронавирус пайда болғаннан бастап Қытайда барлығы 84 917 жағдай тіркелген.

Жүктелуде...