Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ұлттық банк жаңа монеталарды жарыққа шығарды

Ұлттық банк жаңа монеталарды жарыққа шығарды

Ұлттық банк жаңа монеталарды жарыққа шығарды
ашық дереккөзі
 width= Қазақстан Республикасының ұлттық банкі мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік "Qazaqstan halqy assambleiasy" коллекциялық монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
"Монеталарды шығару Қазақстан халқы Ассамблеясың 25 жылдығына орайластырылған", – делінген ұлттық банк хабарламасында.

Монеталар сипаттамасы

Монеталардың бет жағындағы (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Сол және оң жағында – ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Нейзильберден жасалған монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін "100 teńge" жазуы, ал мельхиордан жасалған монетаның астында "200 teńge" жазуы орналасқан. Айналдыра "Qazaqstan ulttyq banki • National bank of Kazakhstan" деген жазбалар бар. Монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) күн сәулесінің аясында оқиғаның мерейтойлық күнін білдіретін "25" жазуы бар ою-өрнек картасы орналасқан. Кескіннің астында ассамблеяның құрылған жылы мен мерейтолық жылды және теңгенің соғылған жылын білдіретін "1995 • 2020" деген жазу бар. Төменгі бөлігінде – мемлекеттік ту элементі мен айналдыра "Qazaqstan halqy assambleiasy" және "Ассамблея народа Казахстана" деген жазбалар бейнеленеді. Техникалық өлшемі туралы "Рroof-like" сапалы монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 миллиметр, номиналы 200 теңгелік, таралымы 3 000 данада дайындалды. "Uncirculated" сапалы монеталар МНЦ 15-20 МНЦ 15-20 қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 миллиметр, номиналы 100 теңгелік, таралымы 50 000 данада дайындалды. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті. Елдегі барлық банктерде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.