Солтүстік Калифорнияда орман өрті бірнеше күнге жалғасты. Нәтижесінде 4 адам ажал құшып, 62000 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы
Newsroom+Ақпарат агенттігі
New York Times жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.
20 тамызда Напа округінде үш адамның мәйіті өрттен шығарылды. Өрт 19 тамызда болған. Ал тағы бір ер адамның мәйіті Солано округінде табылған.
Қаза тапқан екі адам өрт сөндіру барысында ажал құшты. Фресно округіндегі апат салдарынан су төгетін тікұшақ ұшқышы және Pacific Gas and Electric компаниясында электр желілерін тазартатын жұмысшы табылды.
Штаттағы өрт сөндіру департаментінің хабарлауынша, Солтүстік және Орталық Калифорнияда 400 000 акр жер өртенген. Өрттер қатты ыстықта найзағайдың салдарынан пайда болып, желмен таралған.
Бұл жағдайлар сәрсенбі және бейсенбі күндері штатта жаңа өрттердің пайда болуына әкелді. Нәтижесінде жиырмаға жуық ірі және 300-ден астам шағын өрт тіркелді.
Сакраментоның батысында LNU найзағай кешені деп аталатын өрт тобы 480-нен астам үй мен құрылыстарды қиратты. Cal Fire айтуынша, тағы 30 500 ғимаратқа қауіп төніп тұр, себебі өрт 215 000 акрға дейін жайылған.