COVID-19 мұздатылған өнімдерде қанша уақыт сақталады?

COVID-19 мұздатылған өнімдерде қанша уақыт сақталады?

ашық дереккөзі

   width= Сингапур ғалымдары коронавирустың мұздатылған тағамдарда кем дегенде үш апта сақталатынын растады, деп жазады Newsroom+ақпарат агенттігі Хабар 24 сілтеме жасап. «Біздің зертханалық талдаулар SARS-CoV-2-дың халықаралық азық-түлік саудасында белгіленген тасымалдау мен сақтау жағдайларына байланысты уақыт пен температураға төтеп бере алатындығын көрсетті. Тауық етіне түскен SARS-CoV-2 вирусы 21 күн бойы төрт градуста және 20 градус салқын температурада да күштілігін жоғалтпады», - делінген зерттеуде. Мамандар инфекция түскен тағамдар арқылы жұмысшыларға вирус жұғуы мүмкін екенін айтып өтті. Оның алдын алу үшін қолды жиі жуып, тазалық сақтау қажет екенін ескертті. Бұған дейін Қытайда мұздатылған тауық етінен коронавирус табылғанын еске сала кетейік.

Жүктелуде...