60 миллион теңге: Bek Air апатының жыры әлі бітпеді ме?

60 миллион теңге: Bek Air апатының жыры әлі бітпеді ме?

ашық дереккөзі

 width= Bek Air әуекомпаниясы билеттер үшін 60 миллион теңге төлеуі керек. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

"Министрліктің талаптары негізінде Bek Air әуекомпаниясына қатысты  бірқатар сот талқылауы өтті. Сот талап-арыздарды толық көлемде қанағаттандырды. Бұл 990 тұтынушының 60 миллион теңгесі", - деді Сұлтанов.
Айта кететін жайт, 2019 жылдың 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға бағытталған Bek Air ұшағы әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған еді. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болды. Аталмыш ұшақтың апатқа ұрынуының негізгі себебі - әуе кемесіне мұздың қатуы. Ал бұған дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс Bek Air әуекомпаниясының алдағы уақытта жұмыс істеу-істемеуі туралы шешімді 20 қаңтарда жариялайтынын хабарлады.

Жүктелуде...