Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бұхара қаласындағы жеті тарихи ескерткіш ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылады

Бұхара қаласындағы жеті тарихи ескерткіш ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылады

Бұхара қаласындағы жеті тарихи ескерткіш ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылады
ашық дереккөзі
 width= Бұхара қаласындағы жеті тарихи-мәдени ескерткіш ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылады. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркі академиясы халықаралық ұйымының ресми порталына сілтеме жасап хабарлайды. Атап айтқанда, олардың қатарында: Чор-Бакр және Бахауддин Накшбанди кешендері, үздік сәулет нысандары саналатын Вобкенттегі минарет және Чашмай Аюб кесенесі, сондай-ақ Бұхара облысы аумағындағы ежелгі Пойкент, Варахша және Вардонзе қалашықтары бар. Бұл ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген нысандар санының артуына, сондай-ақ Өзбекстанға туристер ағынының өсуіне ықпал етеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта Бұхара облысында 829 материалдық және мәдени мұра саналатын нысандар мемлекеттік қорғауда.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату