Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ең бақытты халық тізіміне кірді

Қазақстан әлемдегі ең бақытты халық тізіміне кірді

Қазақстан әлемдегі ең бақытты халық тізіміне кірді
ашық дереккөзі
 width= Бақыттың деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингісінде Қазақстан 153 мемлекеттің ішінде 50-ші орынға көтерілді. Ал Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. World Happiness Report сайтының мәліметіне сәйкес, былтыр Қазақстан 60-шы орында болған. Ал осы жылы 10 сатыға көтеріліп отыр. Еуразиялық одақтың ішінде Қазақстан бірінші орында келеді. Рейтингте Ресей – 73 орында, Қырғызстан - 74-ші орында, Беларусь - 75-ші орында, ал Армения 116-орында тұр. Айта кетейік, бақыттың деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингісі халықтардың қаншалықты бақытты екенін өлшеуге арналған халықаралық жоба. Рейтингті әзірлеу кезінде бірнеше көрсеткіш есепке алынады. Олар: жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің деңгейі, өмірдің ұзақтығы, азаматтық бостандықтың болуы, ертеңгі күнге деген сенім мен қауіпсіздік сезімі, отбасының тұрақтылығы, жұмыспен қамту кепілдігі, жемқорлық деңгейі, сондай-ақ, сенім, қайырымдылық пен жомарттық сияқты көрсеткіштер. Биыл әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына Финляндия, Дания, Швейцария, Исландия, Норвегия, Нидерланд, Швеция, Жаңа Зеландия, Австрия мен Люксембург енді. Ал ең соңғы орында - Зимбабве, Оңтүстік Судан мен Ауғанстан.

Қазақстандықтар өмірге қаншалықты риза

Статистика комитетінің ақпараты бойынша сауалнамаға қатысқан респонденттердің 63,5 проценті қазіргі өміріне қанағаттанады. Ауылда - 72,6 процент, ал қалада  - 58,4 процент.  Қазақстанда әйелдерге (58,5%) қарағанда, ер адамдар (61,8%) өмірге риза. Өткен жылы өмірге қанағатанамыз деген респонденттердің жалпы саны 60 процент болды. 2018 жылы осы көрсеткіш 56,5 процент еді.  

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату