Шымкентте көрші пәтерге дезинфекция жасалғаннан кейін бір үйдің төрт баласы ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды
NewsRoom+ Ақпарат тілшісі
ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
«Қалалық гипербологиялық оксигинация орталығының» токсикологиялық бөліміне 13 тамызда сағат 01:45-те «белгісіз затпен улану» алдын ала диагнозымен Әл-Фараби ауданында Қ.Рысқұлбеков көшесіндегі 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бір пәтерінен 4 бала жатқызылды.
Олар 7 жастағы және 3 жастағы, сондай-ақ 6 жастағы екі бала. Қазіргі таңда олардың жағдайы орташа», делінген хабарламада. Балалардың ата-анасы пәтер жалдап тұрады. Ата-ананың айтуы бойынша көрші пәтерде тұратын тұрғындар дезинфекциялық жұмыс жүргізген.
«Оқиға орнына Шымкент қалалық ТЖ департаментінің қызметкерлері барды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтаумен Әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті айналысады», делінген хабарламада.