Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Көз тиюден қалай қорғануға болады?

Көз тиюден қалай қорғануға болады?

Көз тиюден қалай қорғануға болады?
ашық дереккөзі
Көз тию дегеніміз не? Тек қана нәрестеге көз тиеді ме? Одан қалай сақтануға болады? Көз тиген адамға медицина диагноз да қоя алмауы мүмкін. Кейде ол аурудан айықпай, көз жұмуы әбден мүмкін. Қазақта көз – жақсы адамға, жас сәбиге, жүйрік атқа, әдемі қызға тиеді деп айтады. Әсіресе «көзінде қалы бар адамның сұқтанғаны тегін жібермейді», деп те жатады. Тіпті адам іштей өз-өзіне сүйсініп, жеткен жетістігіне қуанса көз тиюі де мүмкін. Бұрындары көз тиюден сақтану үшін жасы үлкендер сәбидің киімін теріс айналдырып кигізіп, көзмоншақ тағып, маңдайына күйе жағып сақтанған. Ондай наным-сенімді күні бүгінде қолданып жататындар бар, бірақ адамдар уақыт өте келе, адыраспанның түтіні мен қызыл шүберек және өзге де осындай шаралар медицинаның шамасы келмейтін дерт – көз тиюден қорғай алмайтынына көз жеткізе бастады. Мұндайда көз тиюден қалай сақтануға болады деген сұрақ туады. Үйге бөтен адам қонақ болып келсе, бала жылап, мазасызданса, қария кісілер әлгі келген кісіге түкіртеді немесе «тіл, көзі тасқа» деп тұзбен аластап жатады. «Тұзы жеңіл» деген сөз осыдан қалса керек. Ересек адамға да көз өте ме? Олай болуы да мүмкін. Сырттан өзге адамның жолы болып, ісі оңға басып жатса, оған іштей тамсанып қараған адамның көзі өтуі мүмкін. Жалпы адам өзінің жасаған бір ісіне іштей риза болып, масаттанып қалатын кездері де болады. Өз-өзіне тоқмейілсу, көңілі толып, «мен ғой енді» десе, өзіне-өзінің көзі тиюі де ғажап емес. Мұндай адамның ісінде кемшілік пайда болып, жолы байланып, сәтсіздіктерге тап болып жатады. Сондықтан адам қандай да бір жетістікке жетпесін Алланың қалауымен орындалғанын есте ұстаған жөн. Ал көз тиюден сақтанудың және оның мәні мен мағынасын түсіну үшін асыл дінімізден жауап іздегеніміз абзал. Бір хадисте: «Көз тию ақиқат. Ол түйені қазанға, адамды қабірге түсіреді», деп жазылған екен. Жер бетіндегі қандай да құбылыс болмасын, тек Жаратушының әмірімен болады.