Жириновский: Оңтүстік Қазақстан қызыл қанға боялып, күні-түні қырғын болады

Жириновский: Оңтүстік Қазақстан қызыл қанға боялып, күні-түні қырғын болады

ашық дереккөзі

 width=

Ресей саясаткері Владимир Жириновский "Комсомольская правда" радиосына сұхбат беріп, саяси оқиғаларға қатысты көзқарасын білдірді. Өткен аптада басталып, әлі тыныштала қоймаған Әзірбайжан-Армения қақтығысына да тоқталды.

Жүргізушінің «Армения мен Әзірбайжан бір-біріне жойқын соққы жасауы мүмкін ба» деген сұрағына келесідей жауап берді.

«Әбден мүмкін. Әзірбайжан Түркияға арқа сүйеп, қорғайды деп ойлайды. Ал Армения бізге, біздің Армениядағы әскери базаларымызға сенеді. Бүгінгі таңда Душанбеде 201-ші базамыз бар, оны алып тастайық. Бітті. Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан қызыл қанға боялады. Күні-түні қырғын болады. Сол себепті де біздің әскеріміз Орталық Азия мен Кавказда тұр. Біздің әскеріміз Армения мен Тәжікстанда тұрған сәтте, үлкен соғыс болмайды.

Арандату күн сайын болып тұрады. Мысалы күн сайын тәжік-ауған шекарасында екі-үш тәжік шекарашысы оққа ұшады. Ол жайлы сіз білесіз бе? Жоқ. Ал мына жақта қаза тауып еді, күллі әлемді басына көшірді.

Ауғанстаннан үнемі қарулы топтар бері өткісі келеді, тәжік шекарашыларын өлтіреді. Мына жерде де солай болмақ. Әзірбайжан мен Арменияны айтам. Бір-бірін шекарада атып қойып, отыратын болады.  Сондықтан ойлансын. Кіші мемлекеттер шыдамайды. Олар үлкен мемлекеттің құрамына кіруі тиіс.

Біз оларды жаулап алған жоқпыз, олар Ресей патшалығына өз еріктерімен қосылды. Бізге Бакуды ешкім берген жоқ. Біздің елшіні өлтірді де, Иран шахы «солтүстік Әзірбайжанды алыңдар» деп бере салды. Яғни елшінің құны ретінде берді. Ал Грузия аяғымызға жығылып, жалынды. Олай етпесе жоқ болатын еді. Кейін жартысы Иранға, жартысы Түркияға тиесілі болды. Бұл патшаның қателігі. Оған «Ұлы Мәртебелім, қажет емес» деп айтқандар болды. Біздің еліміз Варшавадан Порт-Артурға дейін болды. Варшава қайда? Порт-Артур қайда?

Большевиктер бәрін таратып берді. Әлі таратып келеміз. Міне, Хабаровсктағы кикілжіңнің бір себебі де осы. Біз қытайларға Тарабаров пен Үлкен Уссурий аралдарын бере салдық. Ол жақта Хабаровск халқының саяжайлары бар еді. Әрине, олар риза болмайды. Адамдар өмір сүріп жатады, содан кейін ол жер орысқа тиесілі емес болады. Даманск ше? Ол жерде жүздеген біздің сарбаздарымыз қаза тапты. Не үшін?

Сондықтан да шекара маңында өмір сүретін халықтың ішкі көңіл күйіне бұлда әсер етеді. Мен онда өмір сүре алмадым. Сондықтан Орталық Азия мен Кавказда тұра алмадым. Мәскеуде айтарлықтай жайлы», - деді ол.

Асхат Қасенғали

Жүктелуде...