Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Үкімет отставкаға кете ме?

Үкімет отставкаға кете ме?

Үкімет отставкаға кете ме?
ашық дереккөзі
 width= Әкімдер аса күрделі жағдайда жұмыс істей алмайды. Өзекті проблемаларды шұғыл шешу былай тұрсын, азаматтарға мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіруді білмейді. Күні кеше Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қатысты селекторлық отырыста Үкімет пен әкім-қараларды тағы сынға алды. Естеріңізде болса, жағдайды тұрақтандыру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев оларға екі апта уақыт берген еді. Соның бір жетісі көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Енді атқарушы биліктің 7 күндей уақыты қалды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Бұл жиынның өткеніне де 10 күннің жүзі болды. Мемлекет басшысы Үкімет мүшелеріне  бүгінгі қызметтеріңе лайықсыңдар ма деген сауал қойған еді. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Мемлекеттік аппаратқа білімді, білікті, ойы ұшқыр, адал мамандар керек. Бізде осындай азаматтар жеткілікті ме?»
Жағдайды түзеуге, қате тұстарын күзеуге деп берілген уақыт аз қалды.  Президенттің алдына келгенде сан түрлі статистиканы сорпаша сапыратын министрлер барлығы бақылауда. РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
«Шілде айының көрсеткіштері басқаша болатын шығар. Бірақ осы жолғы шектеу шараларының талаптары бөлек. Себебі, жүк тасымалдау, әуе қатынасы құрылыс нысандары мен сауда орындары жұмыс істеп тұр. Біз бизнестің жағдайын бақылауда ұстаудамыз.»
300 мыңға жуық кәсіпкерлік нысанның қызметі тоқтаған. 1 миллионға жуық қызмет көрсету мен сауда саласының өкілдері пандемия кесірінен шығынға ұшыраған. 1,6 миллионға жуық адам ақысыз демалысқа жіберілген. 14-15 мыңнан астам бизнес өкілі банктерге қарызын шегеруді сұраған. 4,5 миллионға жуық азамат 42 500 тг көлемінде әлеуметтік төлем алған. Экономист Мақсат Халықтың пікірінше бұл цифрлар бір емес, бірқатар министрлер одан қалды өңір басшыларының сөзі мен ісі бөлек екенін дәлелдеп берді. Карантинмен қол ұстаса кризис келді. Ал біздің атқамінерлер дайын болмай шықты. МАҚСАТ ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:
«Біздің атқарушы билікте отырған менеджерлердің риск менеджментті толық меңгере алмағандығы тәуекелді басқару және жұмысты тиімді ұйымдастыру жағынан өте қатты олқылықтар бар. Және ең үлкені, ең қиыны Президенттің тапсырмасын орындау барысында жіберілетін қателіктер.  Өздерін қатты бір шендіміз деп санай ма?».
Министрлер мен әкімдер мұңайса да, сан түрлі сылтау айтса да енді  ақтала алмайды. Бұл саясаттанушы Әмребаевтың пікірі. Олар вирус тарала бастаған кезде-ақ, жағдайды бағдарлап, даярлануы керек еді. АЙДАР ӘМРЕБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:
«Осы уақытты пайдаланып дәрі-дәрмекпен, ИВЛ аппараттарымен жетілдіру мәселесін шешу керек еді. Жаңа стационарларды ашу керек еді. Мамандарды дұрыстап дайындау керек еді.»
Қолымды мезгілімнен кеш сермедім... Ақын Абайдың бұл сөзі тек Үкіметке ғана емес, Парламентке де қарата айтылса артық болмас. Саясаттанушы Дос Көшім, пандемияның ауқымын көре тұра, қос орган дер кезінде қам жасамағанын айтады. ДОС КӨШІМ, САЯСАТТАНУШЫ:
«Осы төтенше жағдайдың заңын қабылдау керек еді. Сол уақытта біз дәріханалардағы алыпсатарлар, 10-20 есеге қымбат сатып жүргендер, гуманитарлық көмекті өз пайдасына пайдаланып жатқандар немесе оны дер кезінде ашпағандар немесе ауруханалардағы жұмысты ұйымдастыра алмағандарға қатаң жаза тағайындалып ол заңдастырылуы керек еді. Парламент сондай заң шығару керек еді тез арада.»
Айтып, айтпай не керек?! Өтті-кетті. Қасым-Жомарт Тоқаев он күн бұрын осы қателіктеріңнен сабақ алыңдар. Бір уақыт өздеріңе сыни көзқараспен қарап үйреніңдер деп еді.  Күні кеше өткен жиында Президент ешкімнің маңдайынан сипай қоймапты. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНІҢ ТАРАЛУЫНА ҚАТЫСТЫ СЕЛЕКТОРЛЫҚ ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН ҮЗІНДІ:
«Баяндама бетінде жағдай бақылауда болғанымен, іс жүзінде олай емес. Президент Әкімшілігіне еліміздің барлық дәріханаларындағы дәрі-дәрмектерді тексеру жөнінде тапсырма бердім. Нәтижесі көңіл көншітерлік емес. Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматыда дәрі тапшылығы, ұзын-сонар кезек әлі де бар. Аса қажет дәрілердің бағасы қымбат екені анықталды. Көлеңкелі бизнестің көлемі артып бара жатыр. Ауру жұқтырған адамдардың санын анықтаудың төмендігі  жергілікті жерлердегі лабораториялардың тиімсіз жұмысының нәтижесі. Мұны нақты көріністі жасырып қалу деп бағалауға да болады. Үкіметке аймақтар арасындағы тестілеу нәтижесін реттеуді қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Біз ешнәрсені жасырмауымыз керек. Әкімдер аса күрделі жағдайда жұмыс істей алмайды. Өзекті проблемаларды шұғыл шешуді, азаматтарға мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіруді білмейді. Үкімет мүшелері де, әкімдер де «тоқмейілсудің, масайраудың қақпанына түскен.»
САМАТ НҰРТАЗА, САЯСАТТАНУШЫ:
«Өз саласын меңгерген, өз саласының әлсіз әрі мықты білетін ол тек қана орынбасарлар. Көбінесе әкімдер мен министрлердің қара жұмысын жасайтын да орынбасарлар. Сондықтан таяп келе жатқан өзгеріс менің ойымша бүгінгі басшылардың орынбасарларының туған жұлдызды сәті деп есептеймін.»
Қозғалыс бар, өзгеріс жоқ. Жаңа үкімет жасақталар. Бірақ олар жақынын жерлеп қабырғасы қайысқан, 42 500 теңгені ала алмай, кредитін жаба алмай зар болған қарашаның көңілінен шыға ала ма? Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен, қосындының мәні өзгермейді. Десе де уақыт көрсетеді. https://www.youtube.com/watch?v=U-IKOFsSuVI