Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Саяхаттап жүріп ағылшын тілінен сабақ берген қазақ баласы

Саяхаттап жүріп ағылшын тілінен сабақ берген қазақ баласы

Саяхаттап жүріп ағылшын тілінен сабақ берген қазақ баласы
ашық дереккөзі
 width=Әлемді аралау, саяхат жасау кімнің болмасын қызығушылығын оятады. Тұмса табиғат, керемет көз тартатын сұлулық пен жұмбаққа толы мекен, кез келген адамның жан қалауы. Бұл жолы Newsroom+Ақпарат агенттігі еліміздегі ең жас саяхатшы әрі 20-дан астам елде болған Алтынбек Тлеуовпен сұқбаттасқан болатын.   width=Алтынбек мырза, қайырлы күн! Сұхбат беруге келіскеніңізге рақмет! Қазір ел аралап, қыдырып, тревел блогер ретінде инстаграмға пост салып ешкімді таңқалдыра алмайсыз. Дегенмен Сіз 23 елде болыпсыз және біраз елдерде ағылшын тілінен сабақ беріпсіз. Осы жайлы айтып берсеңіз? - Қайырлы күн! Иә, қазіргі таңда саяхаттау тренді дамып жатыр, бұл қуантады. Саяхаттауға деген қызығушылығым америкалық  «В диких условиях» (Into the wild) деген биографиялық драма фильмінен басталған. Соны көріп, шабыттанып, саяхат туралы кітаптарды күні-түні оқып, мен саяхаттауға тиіспін деген тұжырымға келдім, мүмкіндік болса тіпті бірнеше жыл тұрып қайтсам деп шештім. Оған дейін шетелге шығып та көрмеген едім. Сөйтіп ЖОО бітіріп (мамандығым мұнай-газ инженері), ары іздеп,бері іздеп, AIESEC халықаралық ұйымы арқылы Түркияда жұмыс таптым. Жұмыс ағылшын тілінен балаларға сабақ беру. Мамандығым тіпті басқаша болса да, жұмыс берушіге интервью барысында жақсы әсер қалдырып, шақырту алдым. Сөйтіп Түркияда бір жылдай жұмыс істедім. Түрік студенттермен бірге пәтер жалдап тұрып  түрікшені де үйреніп алдым. Сонымен қатар, Түркияда автостоп деген дамыған ел. Соны қолданып біраз жерлеріне де шатырыммен бірге саяхаттап үлгердім, түрік бауырларымыз өте қонақжай екеніне тағы да көзім жетті. Әсіресе қазақ екеніңді білгенде бәрі бірден «бауырым, біздің ата жұртымыздан келіпсің ғой» деп көп көмектесетін. Сол бір жыл менің өсіп өнуіме үлкен әсер етті, ал әлемді көруге деген қызығушылық одан да арта түсті. Мұғалім болып балаларға сабақ беру де қатты ұнады, сөйтіп енді алыстау бір елде тұрып, жұмыс істегім келді. Басында негізі Қытай мектебінде сабақ беруім керек еді, алайда жұмыс визасын ала алмадым. Сол кезде Вьетнам деген бейтаныс елден жұмысты тауып алдым да бір аптадан соң сол жаққа ұшып кеттім. Жұмыс мемлекеттік мектепте ағылшын пәнінен сабақ беру. Өзіме бейтаныс елдің ұнағаны сондай, онда екі жыл тұрдым. Вьетнамда жұмыс істеп жүріп екі жылдың ішінде Азияның біраз елдерін көріп қайттым ,негізі сол жақтар өзіме жақын келді, қайта-қайта оралғың келе береді. Қазір елге оралып Теңгіз кенішінде «Бонатти» дейтін италиялық компанияда жұмыс істеп жүрмін, графигіміз бір ай жұмыс істеп, бір ай демалыс. Одан бөлек, достарымызбен «Travelbuddies» деген саяхаттау компаниясын аштық. Яғни бір топ адам өзіміздің маршрутымызды сызып, жинап, оларды өзімізбен бірге әлемнің көптеген елдеріне апарамыз. Мысалы Вьетнам, Марокко, Индия, Исландия, Жапония, Индонезия, Камбоджа, Филлиппин сияқты 30 шақты елдерді біздің отандастарымызға көрсетіп үлгердік. Қазіргі уақытта осы екі нәрсемен айналысып жүрмін. Сіз секілді азаматтарды қазір «digital nomad» деп айтады екен. Осы термин Сізге ұнай ма? - Қазір өзімді бұл санатқа жатқыза алмаймын, бірақ болашақта мүмкін қайта осы санатқа кіріп қалармын. Негізі саяхаттап жүргенде digital nomad-тарды көп кездестірдім. Ұнайтыны олар бір жерде қатып қалмай, ұнаған жерлеріне барып, армандарын іске асырып жүр. Қазір digital nomad болам, әлемді аралаймын деушілерге барлық мүмкіндіктер бар. Олардың саяхаттау стилі өзіме қайтты ұнайды.  width=Вьетнамда екі жыл тұрыпсыз. Шығыс-Азия елдеріне пікіріңіз қандай? Қазір карантин кезінде жабық қой. Шекара ашылса бірінші қайда баруды жоспарлап жүрсіз? - Шығыс-Азия елдері менің ең жақсы көретін елдерім деп сеніммен айта аламын. Ол жақта өмір басқа мәнерде өтетін сияқты, атмосферасы керемет, қарбаласты ұмыттырады. Адамдары да керемет. Мысалы вьетнамдықтарды алатын болсақ, олар асықпай өмірден ләззат ала білетін сияқты, күн сайын міндетті түрде кешке паркке не  кішігірім  кафелерге барады. Тамақ ішіп алып жату деген көп кездеспейді. Мен де күнде достарыммен солар секілді  уақытымды өткізетінмін, яғни аптаның соңын күту міндетті емес. Шекара ашылғанда бұйырса қайтадан Вьетнамға барып, сабақ берген оқушыларымды  және достарымды көріп келсем ба деп отырмын. Вьетнамды екінші отаным болып кетті десем де болады, өйткені бұл елмен көптеген позитивті естеліктер байланысты, достар таптым, сабақ берген оқушылармен күшті тіл табысып кеттік, ал табиғаты болса керемет. Кейін осы елдерде басты транспорт ол мотобайктар, қазір өз мотобайкымды қатты сағынамын, бір еркіндік беретін сияқты. Білуімше төрт тіл білесіз. Көп тіл білудің құпиясы неде? - Жаңа тіл уйрену өзіме қатты ұнайды, процестен ләззат аламын. Қазір испан тілін үйреніп жүрмін, өте әдемі, тартымды тіл. Сонымен қатар, бір тілді меңгерсең алдыңнан көптеген жаңа есіктер ашылады және де каучсерфинг сайты арқылы үйге саяхатшылар бірнеше күнге жиі келіп қонақтап тұрады, солармен де біраз тілді жаттықтырып аламын.  width=Бізде жастарға шетелге шығуға не кедергі? - Саяхаттау туралы айтатын болсақ көп жастарға кедергі жасайтын нәрсе ол саяхаттау үшін көп қаржың болу керек деген қате түсінік деп ойлаймын. Егер дұрыстап дайындалсаң аз ғана бюджетпен біраз елді аралап шықсаң болады. Ол үшін автостоп не автобустармен саяхаттау, хостелдарда не каучсерфинг сайты арқылы тегін тұру, жергілікті тұрғындар тамақтанатын жерде тамақтану деген сияқты. Өзім автостоппен саяхаттауды жақсы көрем, әрі тиімді әрі адамдарымен көбірек танысасың, елдің шынымен да қандай екенін тануға көмектеседі.  width=Мысалы алдыңғы жылы мен автостоппен Атыраудан бастап Ресей арқылы Грузия мен Әзірбайжанды түгелімен аралап шықтым, кейін Каспий теңізі арқылы пароммен Бакудан Ақтауға жеттім. Кейін көршілес Өзбекстанға автостоппен барып қайттым. Осы үш елге мысалы 200 долларға жуық ақша кетті. Одан 2 жыл бұрын Бали аралынан бүкіл Индонезияны, кейін Малайзия мен Тайландты автостоппен 7 мың км өтіп, Лаос шекерасына дейін жеттім. Авиабилетті санамасақ кеткен бюджет 400 доллар шамасында. Яғни айтқым келгені сенде қандай да бюджет болмасын сен саяхаттай аласың. Сіз секілді ел көрсем, әлем танысам деген замандастарыңызға қандай кеңес берер едіңіз? - Біріншіден, ол қорықпау және тәуекелге бару. Басында көрші елдерден бастасаңыз болады. Ал шетелде жұмыс істеп, өмір сүріп көргісі келетіндерге айтатыным ізденіңіздер, қазір мүмкіндіктер заманы. Шама келгенше саяхаттыңыз, әлемді көріңіз, әлем керемет, көрген сайын өмірге деген құлшынысың көбейе түседі. Біраз жасқа келген адамдардан өмірде өкінетін нәрсеңіз не деген сұраққа олар жеткілікті мөлшерде саяхаттамағаным деп айтады. Сол үшін жас кезіңізде жер, ел көріп қалыңыздар. Ақша, машина деген материалдық нәрселердің артынан жүгіріп жүргенде өмір сүруді ұмытып кетпеңіз.  width=Мүмкіндік болса, қай елде тұруды армандайсыз? - Қанша ел араласам да өзіме Алматы жақын келеді, бізге осындай табиғаты бай жерде тұратыныма қуаныштымын.  Тауға баруды, анда-санда тауда түнеп бірнеше күн тау-тас аралауды сүйемін,сол үшін Алматы деп айтсам болады. Әрбір жас оқуы тиіс 10 кітаптың тізімін айта аласыз ба? - Меніңше, әр адам өзінің жанына жақын кітаптарды оқуы керек, мынаны оқу тиіссің деген нәрселерді қатты ұната бермеймін. Өзіме әр түрлі жанрдағы кітаптарды оқығанды ұнатамын, көбінесе саяхат және фэнтези жанрлары. Сонымен қатар,  Харуки Мураками, Дэн Браун, Паоло  Коэльо, Жюль Вернді сүйіп оқимын. Ал қазақ әдебиетінен қатты ұнаған кітаптар «Махаббат қызық мол жылдар» және «Ботагөз» кітаптары, Ш.Айтамтовтың «Ғасырдан да ұзақ түн» туындысы да қатты әсер қалдырды.

Сұқбатыңызға рақмет!

Cұқбаттасқан Уәли ЖҰМА