Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Көп дертке дауа саумалдың ағзаға қандай пайдасы бар?

Көп дертке дауа саумалдың ағзаға қандай пайдасы бар?

Көп дертке дауа саумалдың ағзаға қандай пайдасы бар?
ашық дереккөзі
 width= Індет кезінде көптеген дәрінің баламасына айналған ұлттық сусынның қадірін халық енді түсінгендей. Бүгінде қымыз, қымыран, саумал, жылқы еті, қой еті сынды табиғи өнімдердің пайдалы екенін естіп, көпшілік жапа-тармағай соны сатып алуға көшкен. Базарға жолымыз түсіп, құйрық май іздедік. Әншейінде самсап тұратын құйрық май атымен жоқ. Иммундық жүйені қалыпқа келтіреді, мың ауруға ем дегенді естігендіктен қымыз бен қымыран іздеуге көштік. Литр 500-600 теңгеден сатылатын бұл сусынды да таппадық. Қала сыртындағы бие бағатын шаруа қожалықтарына адамдар кезекпен жазылып кеткен. Егер жолыңыз түсіп, тапсаңыз литрі 1000 теңгеден. Ұлтымызда саумалдың емдік қасиеті бар екені бұрыннан белгілі. Әсіресе қазіргі індет жайлаған уақытта сұранысқа ие болып отырғаны рас. Бірақ оны ішудің өз реті бар екенін естен шығармау керек. Жаңа сауылған бие сүті саумал деп аталады. Дәмі тәтті, көпіршіп тұратын, жұмсақ әрі тез сіңетін қасиеті бар, табиғи өнім. Ол физикалық және химиялық құрамы жағынан ана сүтіне өте жақын болып есептеледі. Бұл тұрғыдан алғанда ешкі сүтінен де жақын. Саумалдың құрамында ақуыз, амин қышқылы, тез еритін май, оттегі және организмге керек кальций, натрий, фосфор, калий, темір, магний, бром сияқты минералдар, С, А, В1, В2, В6, В12, Е, РР дәрумендері бар. Жалпы саумалдың құрамында 80-ге жуық биологиялық белсенді қоспалар бар екендігі анықталған екен. Әртүрлі түрлі химиялық қоспасы бар дәрілерден гөрі, пайдасы зор табиғи өнімді тұтынушылар күн санап артуда.