Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Джон Холт : Білікті маман болу үшін «бес» бағасы қажет емес

Джон Холт : Білікті маман болу үшін «бес» бағасы қажет емес

Джон Холт : Білікті маман болу үшін  «бес» бағасы қажет емес
ашық дереккөзі

 width=

«Жетістікке жеткің келсе сабағыңды беске оқы». Ата-анамыз бен мұғалімдерден еститін күнделікті сөз. Бірақ сыныпта үшке оқыған досыңыз қазір белді бизнесмен. Бес пен үштің айырмашылығы бар ма? Көптің көкейінде жүрген сұрақ та осы.Мектепте қойылған бағалар бақытты болуыңа себепкер бола ала ма?

Британдық журналист,жазушы,педагог «Бала сәтсіздігінің себептері» кітабының авторы  Джон Холттың осы тақырыпқа байланысты провакация тудырған ойларымен бөлісеміз.

 

  Баға бағыңды байлай алмайды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш қадірлі қонақ ретінде түлектердің оқу бітіру кешіне барғанда: «Үздік бітірген студенттерді шын жүрегіммен құттықтаймын! Жарайсыздар! Үшке оқыған студенттерге айтарым: Сіздер президент те бола аласыздар! Мектеп пен университеттегі алған бағаларыңыз маңызды емес. Өмір шексіз мүмкіндіктерге толы»,- деп студенттерге ерекше жігер берген.
Шын мәнінде, АҚШ-ты басқарған президенттердің көбі қанағаттанарлық бағаға оқыған. Олардың ішінде - Джон Кеннеди мен Линдон Джонсон да бар. Саяси көшбасшылардан басқа академиялық білімі жоқ білікті кәсіпкерлер Стив Джоббс, Бил Гейтс және әлемдегі ең жас миллиардер әйел Элизабет Холмс. Олар жүрегінде жасырынған ақ армандары үшін бірі Гарворд университетін, бірі Стэнфорд университетіндегі оқуын тастады. Хиппи миллионер Ричард Брэнсон  да дислекциядан (оқу мен жазу қиындықтары) зардап шегіп 15 жасында мектепке баруын доғарды.
 

Біліміңді бағаға тәуелді етпе

Әйгілі американдық астрофизик Нил Деграсс Тайсон студенттерге арнаған  жолдауында: «Мансап сатысына көтерілгенде, сізден университетте қандай  балл алғаныныңызды ешкім сұрамайды»,-деген. Өмір-өзен секілді. Ағысы адамдардың мінезін, тәжірибесін, қадамын шыңдайды. Табысқа жету үшін сізге керегі ниет және жеңілістерді қабылдай алатын қасиет. Жалпы нашар бағаға оқыған студенттердің көбі өз ортасында көшбасшы. Олар басқарудың құпияларын жетік біледі. Ешқашан бір жақты пікірді қолдамайды. Осы қасиеттері үшін үштік алып жатады. Білім ордасы қатаң ережелерге толы. Әсіресе мұғалімдердің: «Бұл осылай болуы керек, басқаша болуы  мүмкін емес» деген пікіріне қарсылық білдіргендері үшін опық жейді. Дегенмен, нашар бағалар миллиардер болуымызға кепілдік бермейді, жақсы бағалардың да себепкер болуы екіталай. Баға-қағаздағы символ. Бастысы шешім мен нәтиже. Біліміңізді қалауыңызбен табыстырсаңыз, табысқа жетесіз!