Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Кәсіпкер серіктес іздейді: Қосымша білім беретін оқу орталықтарын сақтап қаламыз!

Кәсіпкер серіктес іздейді: Қосымша білім беретін оқу орталықтарын сақтап қаламыз!

Кәсіпкер серіктес іздейді: Қосымша білім беретін оқу орталықтарын сақтап қаламыз!
ашық дереккөзі
 width=Әлемде пандемия. Қазақстан да бұл індетті бастан өткеріп жатыр. Күн санап елдегі жағдай қиындап келеді. Адамдарға қазір ақша емес, басының амандығы керек екенін түсіндік. Алайда кәсіпкер үшін кәсіптің жүргені, ел экономикасының дамуы да керек-ақ. Әсіресе білім саласындағы бұған дейінгі қосымша оқу орталықтарының банкротқа ұшырауы, жабылып қалуы секілді факторлар жиі кездесе бастады. Бұл бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырған орталық үшін үлкен соққы. Ал не істеу керек? Оқу орталығын сақтап қалу үшін қандай тәуекелге бару керек? Міне, бүгін осы сұрақтарға жауап алу үшін «Sabaq.online» білім беру платформасының негізін қалаушы, қосымша оқу орталығын онлайн режимге ауыстырған Бөгенбай Таласұлымен әңгіме өрбіттік.  width= Бөгенбай мырза, Қазақстан бойынша серіктес іздеудің жаңа жолын ұсыныпсыз. Анығын айтқанда, осыған дейін жұмыс істеген оқу орталықтарын онлайн платформада бірге табыс табуға шақырып жатырсыз. Солай ма? Бөгенбай Таласұлы: Иә, осы уақытқа дейін оқу орталықтарының білім саласындағы істеп келе жатқан рөлі өте маңызды. Себебі осы жылғы ҰБТ-ның көрсеткішіне оффлайн оқу орталықтарында дайындық аз болып қалуы әсер еткені анық. Балаларға қосымша түрлі бағыттарда білім беріп келе жатқаны рас. Ал олардың жаппай ашылуы бекер емес. Мысалы, 89 мектебі бар Нұр-Сұлтан қаласында 300-ден аса оқу орталығы бар, одан бөлек қанша ма репетитор мен мұғалімдері бар жеке сабақ беретін. Қосымша сапалы білім іздейтін ата-ана көп. Бірақ оқу орталықтары қазір қиын жағдайда, себебі менде де оқу орталығы болған, барлығын түсініп бағалап отырмын. Қыркүйек айында оффлайн жұмыс істеу қаншалықты мүмкін екенін түсініп отырсыздар. Қазір оқу орталықтарының жұмысы тоқтап тұр. Карантин шағын және орта кәсіпке үлкен соққы болды деуге болады. Сіз оқу орталықтарымен бірге серіктес бола отырып, олардың кәсібін онлайн түрде жүргізуге кепілдік бересіз бе? Сенімді үшін толық жауап берсеңіз. Бөгенбай Таласұлы: Оқу орталықтары қазір өте қиын жағдайда. Жоғарыда атап өткендей оқу орталықтарына қолдау керек. Бизнес ретінде қарайтын болсақ клиенттер базасы бар оқу орталығына карантин кезінде жабылып қалу өте тиімсіз. Себебі ол қанша уақыттан бері жиналған база мен тәжірибесін пайдаланып бізбен бірге жұмыс істеп, табыс таба алады. Бірінші серіктестік жолы ол бізге дайын курс ұсыну (Курс бойынша серіктестік). Тек бір бағытта сабақ беретін оқу орталықтарына немесе өзі сол бағыттың майталманы болған жағдайда қолдануға болады. Мысалы: ораторлық шеберлік курсын айтуға болады. Мұғалім өзі жеке дара сабақ беріп жүрген болса және сол істің майталманы болса, өзінің курсы арқылы бізбен серіктес бола алады немесе сіздің оқу орталығыңызда керемет бір физик немесе математик болатын болса сіз ол адамның курсын біздің платформаға салу арқылы табыс таба аласыз. Біз серіктеске:
  1. Республика бойынша рейтинг және оқушылар бере аламыз;
  2. Айына 20-30 емес, 2000-3000 оқушыға автоматтандырылған түрде сабақ бере алады;
  3. Айналымның 20% мұғалім алып отыратын болады;
  4. Күнделікті сабақтардан арылып шығармашылықпен және курсты дамытуға мүмкіндік туады. Ол дегеніміз платформаға бір емес бірнеше курс ұсынуға мүмкіндік бар.
Екінші жолы аймақтық серіктес болып сол ұсынылған немесе біздің әдіскер мен мұғалімдер жасаған курсты сату. Яғни дәл сол оқу орталығы, бірақ кең көлемде жүреді.  Барлық сабақтар мен бағыттар қамтылған форматта жұмыс істеу, ешқандай жалға кеңсе алып қажет емес, мұғалімдер де біздің тараптан болады. Осындай форматта қазірдің өзін де бірнеше серіктесіміз бар. Менің ойымша, біз осы жұмысымызды жалғастыра берсек оқу ортарықтарындағы ең үздік курстарды жинап онлайн автоматтардырылған жүйе арқылы қосымша білім беруді тағы бір сатыға көтеретін боламыз.
Жалпы айтқанда бізбен бірге жұмыс істеп,  оқу орталықтарын сақтап, дәл қазіргі қиын кезеңде табыс та табуға шақырамын.
Қосымша білім беретін әрі онлайн бағытта жұмыс істейтін платформаның бірі біз боламыз. Қазір кімнің мықты не әлсіз екені әлі айқындалған жоқ. Оның үстіне карантин уақыты қай кезге дейін созылатыны да белгісіз. Дегенмен кәсіпте тәуекелге бара алмаған адамның үлкен табысқа да, нәтижеге де қол жеткізбейтіні анық.  width=Оқу орталықтары ғана емес, қазір кез келген қалталы азамат өзінің ақшасының бір орында тұрып қалғанын қаламайды. Инвестиция жасауға, серіктес болуға дайын отырғандар бар. Сіз оларға нақты не ұсына аласыз? Бөгенбай Таласұлы:  Жалпы қалталы азатматтарды тек құрылтайшы ретінде көре аламыз. Қазіргі уақытта жобаға  бірде- бір инвестор қосқан жоқпыз. Себебі құндылықтарымыз сәйкес келген жоқ. Ол қалай десеңіз, егер бізде шартты түрде 550 000 теңге ақша болып тұрса, мен ол ақшаға курс қосуды таңдар едім, ал әзірге жолыққан адамдар ақшаны таңдайтын еді. Сол себепті жағдай осындай. Осыны оқып отырған тек табыс емес білімді көтеруге ат салысуға дайын адамдар болса біз де дайынбыз. Бұл қайырымдылық емес, бұл  жақсы табыс алып келетін жоба болғалы отыр. Алайда кез келген жерде ақыл мен нәпсінің ара- жігін ажырата алатын адаммен жұмыс істеген  жоба үшін маңызды.

Серіктес болу үшін немесе басқа да сұрақтарға жауап алу үшін: 8747 553 53 96 нөмеріне хабарласыңыз.

Сұқбатыңызға рақмет!