Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жолжазба: Бабалар аңғары

Жолжазба: Бабалар аңғары

Жолжазба: Бабалар аңғары
ашық дереккөзі
 width= Жолға дайындық көп уақыт алған жоқ. Бірінші күні жақын маңдағы дүкенге барып, керек жарақтың бәрін сатып алдық та, ертеңіне таңғы 6-да жолға шығып кеттік.  width= Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Түркістан облысының жерінде орналасқан. 2006 жылы ұйымдастырылған. Оған Түлкібас, Төле би және Қазығұрт аудандарының табиғаты ең көрікті жерлері енеді. Жер аумағы 149 мың га. Саябақты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы ғылыми тұрғыдан құнды табиғат байлықтарын қорғап қалу, қалпына келтіру және республикадағы экологиялық туризмді дамыту.  width= Саябақ орманды дала биігінен биік таулы алқапқа дейінгі 7 табиғи белдемді қамтиды. Табиғат қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты жеке 3 аймаққа (қорықтық, туристік және шектеулі шаруашылық жұмыстары жүргізілетін) бөлінген. Саябақтың аумағы солтүстіктен оңтүстік бағыт бойынша 135 км-ге созылып жатыр. Саябақ жануарлар әлеміне де бай. Құстардың 300-ге жуық, сүтқоректілердің 60-тан астам түрі мекендейді. Өте сирек кездесетін жануардың бірі – көк суыр (қысқаша Мензбир суыры). Сондай-ақ арқар, жабайы шошқа, қоңыр аю, т.б. жануарлар да кездеседі. Саябақта тұрақты түрде “Табиғат жылнамасы” жүргізіліп отырады.  width= Мұнда өсімдіктердің 1635 түрі кездеседі, оның 35-і эндемиктер. Олардың ішінде 62 түрі Қазақстанның Қызыл кітабіне енгізілген, саңырауқұлақтардың 3 түрі, мүктердің 25 түрі кездеседі. Ғылыми құндылығы ерекше саналатын аршалы орман алқабы бар. Мұндағы ірі аршалардың кейбіреуі 700 жылдан бері өсіп тұрғандығы анықталған. Аршаның 3 түрі (балғын арша, Зеравшан аршасы және сауыр арша) өседі. Шатқалды бойлай, тастақ арналар бойымен Біркөлік бұлағы ағып жатыр, оның мөлдіреген салқын суы шатқалдың жасыл желегіне көрік беріп, ауасын тазартып тұрады. Саябақтағы таудың жасылы, долананың, бөріқарақаттың, итмұрынның, өріктер мен алмалардың ну бұталары, қылқанды ағаштардың молдығы, жайқалған жаңғақ ағаштары мен дәрілік өсімдіктердің аңқыған иісі ауаны фитонцидтармен толтырады.  width= Бабалар аңғары - Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде теңіз деңгейінен 2844 метр биіктікте орналасқан.  width= Жол Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кірген кезде 3-4 шақырымнан соң басталады. Негізгі қақпадан соң асфальт жол бітеді де, халық арасында "Хребет Динозавра" деп аталып кеткен жотаға 3 шақырымдай жаяу жүру қажет. Егер астыңызда асты биік көлік болса әрине осы 3 шақырымға да көлікпен баруға болады. Бірақ, біздің жағдайымызда жаяу жүруге тура келді.  width= Әбден қаладан шықпай ақсаусақ болып қалған басымызға осы 3 шақырымды еңсерудің өзі ауыр түсті. Арқамызда 15-17 келідей рюкзак. 15-25 градустай биік жол. "Хребет Динозавра" жотасының астына түсте бірақ жеттік. Түскі ас ішіп қуаттанып алған соң тағы да жолға дайындалдық.  width= Жотаға көтерілу тіпті қиын болды. 35 кей жерлерінде 45 градусқа биіктей беретін жотаға әр 200 метр сайын демалып кешкі 17:00 шамасында көтерілдік. Көтерілгенше осы жерден артқа қайтып кетсек па деген ой кемі 10 рет келді ау деймін өзіме. Жанымдағы жігіттердің қуаттауымен, намысқа тырысып бақтым.  width= Жотаға көтерілерін көтерілдік ау, ары қарай тағы бір қыр, онан әрі тағы бір қыр... Картаға қарасаң тиіп тұрған жер секілді. Су 18:00 шамасында таусылып қалған. Жотаның астында сарқырап өзен ағып жатыр, бірақ оған түсу мүмкін емес. Бар арманымыз су болып, 6 қыр асып түнгі 23:00 бірақ жеттік орнымызға.  width= Фонариктің жарығымен палаткамызды құрып, кешкі асымызды ішіп алып, түнгі 2-лер шамасында жаттық. Дала тас қараңғы, жел уілдеп тұр. Ертеңіне естідік қой, түнде 0 градус салқын болады екен. Қаламен айырма 35 градус. Күздік куртка мен жатын қаптың қалыңдығы сақтап қалды.  width=  width=  width= Таңертең тұрып қайтамыз деген ой болған басында, қайта алмайтынымды түсініп, тағы 1 түн түнейік деген ұсыныс тастадым жігіттерге. Олар да қарсылық білдірмеді. Менікі секілді аяқтары ауырып тұрғанын бәріміз түсініп тұрмыз. width=  width= Сол күні қорықшылар келіп, палаткамыздан 500 метр жерде аюдың нәжісін көргендерін айтты. "Хребет Динозавра" жотасының оң жағы онсыз да "Аюлар шатқалы" деп аталады екен.  width=  width= Күні бойы сонда болып, үшінші күні таңда кері жиналдық. Таңғы ас ішіп, кешірек шығамыз деген ойымызды қап-қара болып түнеріп келе жатқан бұлт бұзды. Жиналып жатқанымызда 5-10 минуттай бұршақ та жауып алды.  width=  width= Қайтарымызда келген жолымызбен емес, оңайлай шығар деп "Аюлар шатқалы" арқылы түсеміз деп шештік. Жолдан шығып кетіп, 60-70 градустай биіктіктен түстік. Өзен аңғарымен жүріп отырдық.  width=  width= Кешкі 15:00 шамасында ғана бір аяқ жолды тауып алып. Ары қарай түсу оңай болды. Жолда бір тоқтап шәйімізді ішіп алып, кешкі 18:00 қаламызға қайттық.  width=  width=  width=  width=  width= Жалпы, тауға шығарда ең қажет нәрсе киіміңнің мықты болуы екен. Аяқ киімнің асты қалың, тайғақ болмауын қарау керек. Менің аяқ киімім тайғақ болып, 2-3 рет ұшып кете жаздадым. Киім су, жел өткізбейтін, бірақ жеңіл болуын қарау керек. Арнайы дүкендерде арнайы киімдер сатылады. Қымбаттау әрине, бірақ денсаулық үшін алу керек. Жейтін тағамдарды да есептеп, шақтап қана алу керек. Жоғары көтерілгенде әр килограмм тонна секілді сезіледі.  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width= Сеть ұстамайды. Тек Activ қана әр жерінде ұстайды. Қаптаған хабарламалардан арылып, миың тынығып қалады. Бірнеше рет барған жолсілтеуші керек бару үшін. Кішкентай балалармен шығу қиындау. Тауға шығушылар "оңай маршрут" деп айтады. Бірақ, өмірімде бірінші рет шығып тұрған соң оңай көрінбеді. Алғашқы күні "ешқашан келмеймін" дегенмін, бірақ осы апта тағы шығатын шығармыз. Қайда шықсақ екен?! Данияр Алан Фото: Арман Байсадықов