"Жау жағадан алғанда, бөрі етекке жармасады" деуші ме еді? Коронавирус кәріні де, жасты да жығып жатқанда, дәріні қаптап алып, қымбатқа сатушылар көбейіп кетті. Елдің жартысы пневмониядан дауа таппай, дәріханалардың алдында қонып жатса, ардан безген алып-сатарлар ақшаны шытырлатып санап жатыр. Көлігінің жүксалғышымен құны миллионнан асып жығылатын антибиотиктерді алып жүрген де, үйінен жасырын аптека ашып алған да өзіңнің қазағың. Кемедегінің жаны бір екенін жадынан шығарғандармен күрес, кеш те болса, басталды. Бір тәулікте құлқынының қамын күйлеген 46 қу қолға түсті. Бұл туралы
Newsroom.kz+Ақпарат Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
https://youtu.be/r2tH1fvWG1E
Әншейінде нарықта 250 теңге тұратын аскорбин қышқылын 5 мың теңгеге сатқан, 600 теңгелік «Дексаметзон» 9 есе өсіріп саудалаған алыпсатушылар соңғы аптада елде көбейген. Кейбір кездерде мұндай әрекетке дәріханадағылар да баруда. Олар түбіртек бермей, бағаны қолдан көтеріп сауда жасапты.
АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
«6 шілдеден бері полицияға 46 адам жеткізілді. Олардан дәрі-дәрмектің түр-түрінің 20884 қаптамасы, нақтырақ айтқанда 2600 қаптамадан глюкоза мен ферсинол, 2200 қаптама ацетилсалицил қышқылы, 654 қаптама парацетамол, Цефтриаксон 1800 ампула тәркіленді. Яғни пайда табу мақсатындағы саудалау жағдайы тіркелуде. Осылардың бәрі де нарықта дүрбелең туғызуда».
Ведомстводағылар әркез чек талап етуді сұрайды. Ал, егер бермейтін болса, аймақтағы денсаулық сақтау департаменті мен тиісті органдарға жүгінуді сұрайды.
АЖАР ГИНИЯТҚЫЗЫ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІҮ
«Заңды бұзғандары үшін айыппұл салынады. 70-тен 1000 айлық есептік көрсеткіш дейін. Сондықтан қазір ондай әрекеттерді тексеріп, халық алдында әшкерелуге мүмкіндік бар».
Халықтың басына күн түскенде, қалтасын ойланғандар барлық-дерлік өңірлерде қолға түскен. Отандастары күні-түні іздеп, ел ішінде таппаған «Цеф ІІІ», «Ингавирин», «Левомак», «Дексаметазон» деген препараттарды кейбір жерлестеріміз Қазақстанға заңсыз кіргізген. Шымкенттегі шенділер осындай үш қоймада препараттардың 229 түрін тығып сақтағанды қолға түсірді.
ЛӘЗЗАТ ҚАШҚЫНБАЕВА, ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Мынау контрабанда. Қазақстанда тіркелмеген дәрілік заттар. Уже границадан заңсыз өткен. Тіркелмеген. Хабаровский край. Именно для России істелінген. Қазақстанға істелінбеген».
Осындай контрабанда мен дәрінің заңсыз бағасын өсірудің салдарынан қазақстандықтар табан тоздырып қана керек препараттарын табуда.
«Мен кеше бірсігүні ЦЕФ-3, Цефтриаксон іздегенмін. 40 аптеканы объездил. Нигде не нашел».
«Везде очереди. Көріп жүрміз ғой теледидардан, тустарымыздың көбісі ходят, не могут найти лекарство».
«Градусник жоқ, парацетомол да жоқ, Цефтриаксон деген дәрілер жоқ. Келді, түсті, сатылып кетті дейді».
Денсаулық сақтау министрлігі қанша жерден медициналық тауарлар жеткілікті дегенімен, әлі де тапшылық бар. Бұл сөзімізге елордалық дәріханашылар дәлел.
«Основной сол ғой антибиотиктер, противовирусное, парацетамол, аспирин. Енді түседі деп жатыр. Әлі түскен жоқ. Осы аптаның аяғына дейін болады деп жатыр. Бірақ әлі түскен жоқ. Болады деп жатыр».
«Только с высокой трибуны говорят, но к нам не посутпает. То, что сейчас акутально - у нас нет. Противовирусный дегендер. Градусник ртутный бірінші карантин кезінде жоқ болып кетті».
Биліктегілердің қазіргі қауқарсыздығын сезінген қазақстандықтар әлеуметтік желіде керегін іздеуге кіріскен. Отандастарымыз арасында ірі-ірі платформа мен сайттарда қолында барын мұқтаж жандарға бөлісіп те жатқандар бар.