Марафон және 50 жылдан кейінгі қайтарылған есе

Марафон және 50 жылдан кейінгі қайтарылған есе

ашық дереккөзі

 width= Ұлттан ұлт артық та емес, кем де емес десек те, өз ұлты алдындағы парызы мен міндетін атқарудан жапондарға жететін ұлт жоқ болса керек.. Ортағасырлық жапон самурайларының жау қолына түспес үшін өз қарнын жарып жіберетін, самурайлардың әйелдерінің өз тамақтарын өздері орып жіберіп өлетін "харакири" немесе "сёппуку" деген дәстүрін еске алсақ жетіп жатыр.. Стокгольмде өткен 1912 ж. Олимпиадада төтенше жағдай болды. Марафоншылардың бірі жапон Шицо Канагури аяқ астынан ұшты-күйді жоғалып кетті... "Бақсақ бақа екен"... Мән-жай артынан анықталады.. Шөл қысқан Шицо бір үйге бұрылып сусын сұрайды. Үй иесі төргі бөлмесіне өткізіп, өзі сусын әкелуге ас үйге кетеді. Сусын алып қайтып келсе, диванға қисайған желаяқтың көзі ілініп кетіпті.. Қонақтың ұйқысын қимаған қонақжай швед үстіне көрпе жауып шығып кетеді. Сол ұйықтағаннан Шицо аттай бір тәулік ұйықтайды.. Оянса жарыс аяқталып қалған. Өкінгенмен уақытты кері қайтара алмайсың.. 50 жылдан кейін 76 жастағы Шицо Канагури Швецияға келіп, дәл тоқтаған жерінен қайта бастап, марафонды толық жүгіріп өтеді.. Шицо ақсақал мұнысын өзін сол олимпиадаға жіберген император мен жапон халқы алдындағы өтелмеген парызымды өтеуім деп түсіндіріпті.. Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ

Жүктелуде...