Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Дәрігер: коронавирустан дұрыс емдеп жатқан жоқ!

Дәрігер: коронавирустан дұрыс емдеп жатқан жоқ!

Дәрігер: коронавирустан дұрыс емдеп жатқан жоқ!
ашық дереккөзі
 width= «Дәрігерлер коронавирус жұқтырғандарды дұрыс емдемейді!,  ауырғандар пневмониядан емес, өкпенің ісінуінен көз жұмып жатыр!». Шымкенттік Айна Бакеева есімді терапевт-реабилитолог дәл осындай жанайқайын Президент пен Денсаулық сақтау министріне жеткізгісі келген. Жылап тұрып жазған видеода дәрігер биліктегілерден клиникалық емдеу протоколын өзгертіп, адам өлімін азайтуды сұрап еді. Бұған профилдік ведомство басшысы жауап берді. Цой мырза не деді? Бұл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. https://youtu.be/RpUB5j-n2VQ «Қасым-Жомарт ағай! Вас подвели наше же инфекционисты. У нас мало населении итак». Ел инфекционистері қателік жасады деп, Президентке мұңын айтқан шымкенттік терапевт-реабилитолог Айна Бакееваның бұл бейнежазбасы кешеден бері әлеуметтік желіде көптеп тарауда. Дәрігердің сөзінше, адамдар коронавирустан емес, өкпе суға толғандықтан, дерт асқынып қайтыс болуда. Себебі, ақ халаттылар тамырға тұз ерітіндісін жібереді екен. Сондай-ақ, елде емдеу протоколы ескірген. АЙНА БАКЕЕВА, ТЕРАПЕВТ-РЕАБИЛИТОЛОГ: "Қарт кісілерді дұрыстап емдесе, дұрыс протокол жүргізсе, олар індет қауіпті деп танылған топқа кірмейді. Егер де өкпе дертін асқындырып алмаса, бүкіл ауырып жатқандар құлан-таза айығып шығады. Дұрыс протокол жасалса ғана. Сондай-ақ, мені вирус жұқтырғандарға ауыр антибиотик бергені қынжылтады. Вирусқа қарсы мұндай ем жүргізілмейді". Дегенмен, салаға жауапты министр әріптесімен келіспейтінін айтады. Алексей Цой отындық инфекционисттерге сенеді және протоколдағы көрсетілген ем жылдар бойы науқастарды аяққы тұрғызып келеді, дейді. Бірақ, ведомство басшысы адам ағзасына сұйықтық «жіберу» жайын тағы да қарастыратынын айтты. АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: "Қазақстандағы барлық клиникалық протоколдар халықаралық деңгейде мойындалған, методикалар дәлелденген. Отандық ғылым өкілдері, клиницисттер аталмыш ем жолдарын қарастырады. Адам жағдайының қандай да түрде күрделенуі оның жеке ем алу схемасына байланысты. Ауырғандарға көмектесіп жатқан біздің инфекционистер, дәрігерлер препараттарды қолдану жайын, қандай мөлшерде беруін, қауіпі мен зиянын біледі". Медицина саласындағы сарапшылар да елді шулақтан видеоға қатысты пікірін білдірді. Олар өкпенің асқынуы мен оның суға толуы індеттің азғзаға күрт бас салуынан, адам бойында өзге де аурудың кездесуінен дейді. Сондай-ақ эксперт адам дәм және иіс сезу қабілетінен айырылса, бұл коронавирусты жұқтырды дегенді білдірмейді, дейді. НҰРИЛА МАЛТАБАРОВА, "АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ" КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: "Бұл мәселеде бірнеше себеп болуы мүмкін. Адам күйіп-піссе де, дәм және иіс сезу қабілетінен айырылады. Егер де осындай жағдай болатын болса, асып-саспаңыз, ПТР тестін тапсыруға, рентген, компьютерлік томография жасауға асықпаңыз. Сабыр сақтап, әрі қарай жағдайыңызды бақылаңыз. Шаршаңқылық пайда болса, дәрігерге жүгініңіз". Әлеуметтік желіде пневмонияға шалдыққандарға жаттығу жасау керек деген үндеу жазбалары көбейген. Бірақ өкпе қызметін қайтадан қалпына келтіретін қимыл-қозғалыстар тек адам негізгі емін алып болған соң жасалуы керек екен. БАЯН ТҰРДАЛИНА, "АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ" ДОЦЕНТІ "Кез-келген инфекциялық аурулар кезінде қосымша тыныс алу гимнастикасы немесе басқа да физиотерапиялық әдістер тек зиянын ғана келтіреді, жедел кезеңінде қолданатын болса. Сондықтан да тыныс алу гимнастикасы ол, әрине, пациент стационарда өзінің негізігі емін алып болған соң, үйге жазылу процессі дәрігер арқылы нақтыланып, үйіне жіберілгеннен кейін тыныс алу гимнастикасымен айналысу қажет". Шетелдік «Нью-Йорк Таймс» баспасы Қазақстанды соңғы екі аптада коронавирус жұқтыруы бойынша алғашқы орынға жайғастырыпты. Әлемдік картада «жағдайы мәз» елдер қатарында бізбен бірге Австралия, Парагвай, Хорватия, Намибия және Ботсвана мемлекеттері де көрсетілген. Дегенмен, министр Алексей Цой «бізде күндегі мың жарым адамнан вирус анықталып, күрт жұқтырғандар саны артпаса жағдай түзеледі», дейді. Шенеуніктер оң нәтижені болжағанымен, соңғы тәулікте тағы 1400 адамға вирус жабысып, жалпы саны 48 мың науқас анықталды.