Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Агротуризм ақсап тұр

Агротуризм ақсап тұр

Агротуризм ақсап тұр
ашық дереккөзі
 width= Төтенше жағдай режимі жарияланып, қаладағыларды карантин қыспаққа алғанда, ауылды аңсағанымыз рас! Аулада арқаны кеңге салып, көшеде еркін жүрген кімге ұнамасын!? Ал табиғаты әсем болса да жолы нашар, адамдары ақкөңіл болса да коммуникациясы жоқ елдімекендердегі ахуал қалай? Агротуризмді қолға алған алыстағы ағайын қандай қиындыққа тап болуда? Бұл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. https://youtu.be/eqGwMWFC5D0 Бағытымыз Қарағанды тасжолының бойында орналасқан Аршалы ауданындағы елдімекендердің бірі. Біз елордадан 110 шақырымдай жерде орналасқан  Константиновка ауылына бет алған болатынбыз.  Дәл қазір ауылға 30 шақырымдай жер қалды.  Сол арақашықтықтағы жолдың сапасы міне мынадай, өздеріңіз көріп тұрғандай. Ауыл тұрғындары өз күштерімен жолдың жыртық-тесігін жамап әлек.  Ондағысы  тек қана құм төгіп кетіп жатыр. Діттеген жерімізге 2 сағатта жеттік. Ауыл тұрғындарымен бұған дейін тілдесіп жүрген саяхатшылар тарих мұғалімі Сергейдің  ауласына алып келді. Ексең емерсің деген қағиданы мықтап ұстанған ұстаз, оқытушылықпен қатар  омарташылықты кәсіп етеді . СЕРГЕЙ ЕРОФЕЕВ, МҰҒАЛІМ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:  «Ауыл адамдарымыз ғой, шұжықты дүкеннен алып жегенше, қолда өсірілген тауық пен үйрек етін пайдаланғанды дұрыс көреміз. Маған қытай ұлтының "Қол-аяғым сау болсын, қалғанын өзім табамын" деген қағидасы ұнайды. Мен қолымдағы барыммен күнімді көремін. Егер адамдар бұл жерде туризмді дамытып, кәсіпкерлікпен шұғылданса, онда бәрі сәтті болатынына сенімдімін". Атауы кеңестік заманнан «Константиновка»  деп өзгеріссіз қалып, қазақшалау бұйырмаған, қайың қарағайдың ортасында, тыныш жатқан ауыл. Тыныш дейтін себебіміз, жастар аз, тұрғындарының көбі зейнеткерлер.  Ауылға енді көшіп келіп жатқандар да жоқ емес. БЕРІК КҮЛІБАЕВ, ФЕРМЕР: «Мен 2010 жылы осында келген кезде 90 пайыз әрбір ұлт адамдары болды. Негізі қазақтар аз бұл ауылда. 1500 дай адам бар,  400 семья, соның ішінде 35 семья қазақ үй бар. Қалғандары басқа ұлт өкілдері». Елордаға әскери қызмет контрактісі аяқталған соң, қаладағы тәп-тәуір пәтерін сатып,  осы ауылға қоныс тепкен қаракөздің бірі  Берік Күлібаев. БЕРІК КҮЛІБАЕВ, ФЕРМЕР: "Бүгінгі күнде менде 40 тың үстінде қара мал бар. 25 тің үстінде жылқы малы бар.  250 бас қой малы бар. Сонымен айланысып жатырмын. Малшыларым бар. Екі механизаторым бар. Маған бүгінге енді сауыншы керек." Төрт түлігін төлдетіп, өнімін алып, кейде қалаға да жеткізіп отырған Берік ағамыз ақ тамаққа сұраныс бар дейді. -Ауылға келіп, ақ тамақ сатып алып кететіндер бар ма? -Әрине бар. Негізі біз ақ тамақты көбінесе Нұр-Cұлтан қаласына апарамыз. Қаймақ жасаймыз, ірімшік жасаймыз. Құрт жасаймыз. Қайнатып қара құрт жасаймыз. Сиыр, бие сауып, айран-сүт, саумалын-қымызын жасау оңай шаруа емес, әрі  шаруаның  шағын жалақысы қызықтырмайды дейді Берік ағамыз. Сондықтанда еңбек күші жетіспеуін жасырмады. БЕРІК КҮЛІБАЕВ, ФЕРМЕР: Енді қол күші керек. Бүгінгі күні сұранысқа ие,  қымыз, ақ, сүт бәрі, бірақ оны дайындау үшін жұмысшыларға да дұрыс жалақы керек. Түйе боздап, қой қоздап қорада шу, Көбелекпен, құспенен сайда ду-ду!   - болатын тынымсыз ауыл тірлігі. Осы тірлікті қаз-қалпында көріп тамашалау шетелдіктер үшін қызық болғанымен, ауылда өсен жандарды таңқалдырмасы анық. Деседе, осы тірлікті саяхатқа айналдыра білген елдер аз емес. АЛМАС ТАҢҒЫТҰЛЫ, «АГРОТУРИЗМ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Мысалға ақырғы 17 жылдай Белоруссияның жетістігі Еуропада ауылшаруашылығы туризмінің 1-орнына жетті. Енді біздің мақсат Қазақстан елін 5 жылда сондай дәрежеге жеткізсек па деген ойымыз бар, + ауылдық туризм деген ол 12 айлық туризм.» Өзге елде көргенді  елімізде дамытсақ деп жүрген белсенді топ, мегаполис маңындағы  ауыл адамдарымен кездесіп,  күйбің тірліктен аспай отырған ауылдықтарды осы кәсіпке үйретеміз дейді.  Сол мақсатта Ақмола облысындағы біраз ауылдарды аралап,  тоқтағандарының бірі осы Константиновка ауылы дейді саяхатшылар. АЛМАС ТАҢҒЫТҰЛЫ, «АГРОТУРИЗМ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Себебі бұл жердің кісілері ашық, өздері жұмыс жасауға талпыныстары бар және түсініспеушілік жұмыстарын жүргізген кезде бірінші күннен бастап бізді қолдап жүргізгенге ұмытылып отыр. + ірімшік жасайтын жанұя бар. 7 жанұя. Олар қазір қалаға апарып ірімшіктерін сатып жүр. Ауылдық туризм дамыса олар үйінен келіп алып кетеді бірінші.» «Смотрите, все деревенское все старое! И все литовский дух». Естідіңіздер ме? «Литовский дух» деп тұрған қария кезінде парашютпен талай көкке ұшқан алғашқы парашютшы. Зейнетке шыққан соң қаланың маңындағы ауылдан  шаруашылық ашып, үй салып, оны тіпті тамаша демалыс орнына айналдырған зейнеркер. Ия, дәл осындай кішігірім ауыл табиғатын, оның таза ауасы мен өнімін, тұрғылықты елдің салт-дәстүрі және мәдениетін эко әрі агротуризм ретінде Еуропаның біршама мемлекеттерінде белгілі. АЛМАС ТАҢҒЫТҰЛЫ, «АГРОТУРИЗМ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Мысалы бар ғой Белоруссия елінде қазір агроқожалықтар 2800 тіркелгені бар. Бізде 2800 емес, бізде 800 үйде жоқ ауылда тіркелген. Заңды түрде істеп жатқан.» Ауыл шаруашылығымен туризмді қатар дамытып отырған  Моңғолия, Армения,Грузия, Белоруссия сынды мемлекеттердің тәжірибесімен танысқан мамандар сол елдердің практикасын енгізу қажет дейді. Оның ерекшелігі баратын ауылдың тіршілігіне араласу. Ауылдағы әжейдің қолынан ас ішіп, тамаша табиғатын аралап, көлінен балығын аулаптын,  қаласаңыз бие сауып, шөп шауып кету. Бір сөзбен айтқанда, денсаулыққа пайдалы саяхат жасау. Әрі ауыл адамдарына осындай демалысты ұйымдастырғаны үшін ақысын қалдырсаңыз, қандай керемет. Әрине, екі жаққа да пайдасы болары сөзсіз. Ауылдың таза ауасын жұтып, орман-тоғайын аралап, еңбексүйгіш жандармен тілдесіп, ауылдық  туризмді осылайша елестетіп,  жамау жолдарға түсіп қайта кете бардық.