Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Карантин кезінде жұмысы тоқтағандар қалай күн көреді?

Карантин кезінде жұмысы тоқтағандар қалай күн көреді?

Карантин кезінде жұмысы тоқтағандар қалай күн көреді?
ашық дереккөзі
 width= Локдаунға кіруін кіріп алдық. Әуелі екі жеті дегенімен, ол төрт я одан да көп апталарға созылуы мүмкін екендігін ешкім жоққа шығармайды. Осы тұста біраз сұрақ туындайды. Халық үйде отыруын отырады ғой, тек ішіп жемі болса. Көктемде  42500-ді там-тұмдап болсын талғажау етті жұрт.  Бұл жолы мемлекеттен тиын тебен берілмейді. Себебі бұл төтенше жағдай емес деген еді і премьер-министрдің орынбасары. Қазір жаз мезгілі болғандықтан карантиндік шаралар көктемдегідей ауыр тимеуі тиіс деп санайды экономистер. Ауылшаруашылығы, құрылыс сияқты салаларында жұмыс тоқтатылмайды.   Десе де бұл жалпақ жұртқа жұбаныш бола қояр ма. Экономистердің болжамына сенсек пандемия күзге дейін созылса жұмыссыздық саны артып, шағын және орта бизнес шатқаяқтап қалуы мүмкін. Дегенмен де тығырықтан шығудың жолы болуы тиіс қой? Бұл туралы Newsroom+ақпарат хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. https://youtu.be/WgrJcNqBGqA Нұрболат Ағыбаев қаладағы дәмханалардың бірінде бармен болып жұмыс істейді. Наурызда жарияланған төтенше жағдай кезінде екі ай бойы үйінде тапжылмай отырған. Енді міне кафе қайта ашылып, жігіттің өз жұмысын кіріскені сол еді, локдаун деген шықты. НҰРБОЛАТ АҒЫБАЕВ БАРМЕН: "Өткен карантин кезінде несие төлеуді уақытша тоқтатқаны дұрыс болды. Екі жарым ай бір тиын да тапқам жоқ. Үйдегі жалғыз нантабар менмін. Келіншегім алты айлық баламен отыр. Жұмысқа енді шығып, көзім ашыла бергені сол еді, тағы да бізді жапқалы жатыр". Несібелі Жүзбаеваның жағдайы да дәл сондай. Келіншек елордадағы қонақүйлердің бірінде бөлме жинайды. Екі ай қонақ үй жабық тұрғанда, жағдайы қиындап кеткен екен. Бұрын жиған тергенін талғажау етіп жатыпты. НЕСІБЕЛІ ЖҮЗБАЕВА ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ: "Жұмыстардың бәрі қайта ашылған кезде қуанып, жұмыс істеп жағдайымыз кішкене оңала ма дегенде қайтадан карантинге түсіп отырмыз. Өте қиын. Жұмыссыз отырсақ, сырттан келетін доход жоқ. Ақша жоқ, осы жұмыстың арқасында ғана күн көріп отырмыз. Өте қиын. білмеймін қалай болатынын". Осы үш кейіпкерге қарап еліміздегі 2 млнға жуық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндердің жай күйін бағамдай беріңіз. Өмірдің рингінде Пандемия шағын және орта бизнесті төтенше жағдай кезінде нокдаунға жіберді. Енді локдаун келіп, біржола ноакаутқа жібермесе игі еді. РАШИД ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ СЕРВИСТІК КОМПАНИЯЛАРЫ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫ: "Біріншіден ТЖ болатын болса, заңды түрде үйқамақта отырғызылған адамдарға мемлекет міндетті түрде ең төмен деңгейдегі қаражат төлеу керек. Бұл тағы 42500 теңгенің төңірегіндегі әңгімесі. Осы 42500 теңге үкіметке де, халыққа да абырой әкелген жоқ алдыңғы екі айды. Ол рас. Ол айдан анық. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан қазір бюджетте артық шығаратын бақыр тиын болмаған соң, атын өзгертіп бірақ адамдардың бір-бірімен қарым қатынасын тежеп, бүкіл жұмыстарды онлайн режимге көшірудің амалы". Жұмысшыны қайдам, коронадағдарыс кәсіпкерлердің өзіне де оңай тиіп отырған жоқ. Монша, қонақ үй мен дәмхананы қатар жүргізіп келген Әнуар Жұмановтың айтуынша қазір персоналды қысқартуға тура келген. Негізгі табыс көзі болған қонақ үй бизнесі тұралап қалған. Дәмхана болмаса тіптен қоңыз теріп кетеді екенмін дейді. ӘНУАР ЖҰМАНОВ  КЕШЕН ДИРЕКТОРЫ: «Өткен жолғыдан екінші айдан кейін ғана есті жиып басты көтеріп келе жатыр еді. Екі апталық карантин жығылғанға жұдырық болып тұр. Постановление шыққасын көреміз, істейміз ба істемейміз бе, толық шешім қабылдаған жоқпыз. Сфера услуг дейді ғой. Ол өте рискованный бизнес екен. Оны пандемия көрсетті. Негізі тамақ жағы ма ауыл шаруашылығы ма, сол жағына шығамыз ба деген ойымыз бар». Пандемия көп кәсіпкерге ой салды, қай саланың өміршеңдігін көрсетті. Дәрі дәрмек, тамақ бағытындағы бизнес қазір өзекті. Бірақ екінің бірі барынан безіп, бағытын ауыстыра алса кәні? Жүйе құраушы транспорт, өнеркәсіп, логистика, тау-кен, мұнай газ секторлары да қазір қиындық көріп отыр. Мемлекет отандық бизнестің экономикадағы үлесінің артуына мүдделі болғанымен коронадағдарыстан келген залал орасан. АСҚАР САҒИТЖАН, ЭКОНОМИСТ: «Пандемияға байланысты шектеулердің нәтижесінде Қазақстан экономикасы бюжетке түсуі мүмкін 500 миллиард теңгеден айрылып отыр. Жалпы ішкі өнім 40 пайызға құлдырады. Бейресми ақпаратқа сенсек елдегі жұмыссыздық 15 пайызға жетті. бұл ресми ақпаратқа қарағанда 3 есе көп, яғни елімізде жұмыссыздар саны күнделікті табысынан айрылып отырған азаматтардың саны 1,5- 2 миллионға жетті деген сөз». Әлемдік сарапшылардың айтуынша Қазақстанда 22 жылда болмаған дағдарыс орын алатын түрі бар. Жылдың соңына дейін дүниежүзінде 400 мың кәсіпорын жабылуы мүмкін екен. Оның салқыны бізді де айналып өтпейтіні анық. Десе де, тығырықтан шығатын тар да болсын жол бар дейді маман. АСҚАР САҒИТЖАН, ЭКОНОМИСТ: «Қалыптасқан жағдайдан шығу үшін мемлекет тікелей экономикаға әсер ету керек. Кепілсіз несие беру керек. 90 пайызында кепілге мүлкі жоқ. Жылдың аяғына дейін орта және шағын бизнесті коммуналдық шығындарды азайту керек, Дағдарысқа қарсы атқарылып жатқан шараларды саралап, оның нақты тиімді жұмыс істейтінін алып қалу керек». Сарапшының айтуынша, дағдарыстан шығаратын шаралар жүзеге асады, тек бюджеттен бөлінетін қаражаттың әрбір бақыр тиынына дейін бақылау болуы шарт. Әйтеуір алыстан мен мұндалаған үміттің бір сәулесі - ол халықаралық нарықтағы мұнай мен басқада шикізат көздерінің алдағы келешекке болжалған бағалары көңілге қонымды. Тек әлем алпауыттарының геосаяси текетірестері толастаса. Ол енді басқа әңгіме.